Мемлекет басшысының өңірімізге жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласын
ыстық сумен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма берілді. Қызылорда қаласы
бойынша 624 көпқабатты тұрғын үйді ыстық сумен қамту жоспарланған. Оның ішінде,
жаңа 201 үй ыстық суға дайын, қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа 423 үйге
жоба сметалық құжаттамалар әзірленді. Жобалардың жалпы құны – 26,2 млрд.тг.
Биылғы жылы 187 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен
11 млрд.тг қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылуда. Сонымен қатар,
2025 жылы қалған 236 көпқабатты тұрғын үйлер ыстық сумен қамту жоспарланып отыр.