2024-2025 жылғы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 12 млрд. теңге қаржы қаралды
(республикалық бюджеттен – 8,3 млрд.тг., облыстық бюджеттен – 3 млрд.тг.,
ҚЖЭО кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 566 млн.тг.).Аталған қаржыға Қызылорда жылу
электр орталығының «Bono еnergy» маркалы үш бу қазандығын жаңғырту, 2 газотурбиналық
қондырғы, 11 қазандыққа күрделі жөндеу және 1 турбина мен 15 қазандыққа ағымдағы
жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жылу желілерін жаңғырту бойынша
9,3 шақырым жылу желілері жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі
3 пайызға төмендеді (45% дан 42% дейін). 2025 жылға 6 жоба бойынша 8,7 шақырымды
құрайтын жылу желілерін жаңыртуға 7,4 млрд. теңге жалпы қажеттіліктің 2,1 млрд. теңгесі
бөлінді. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендейтін болады
(42% дан 40% дейін). Жылу беру маусымы өңірімізде ағымдағы жылдың 10 қазанында
басталып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 889 көпқабатты тұрғын үйлер
мен 1067 әлеуметтік нысандар (532 - білім, 247 - денсаулық, 288 - мәдениет және спорт)
толығымен жылумен қамтамасыз етілуде.