Меню

Страницы

Статья

Ауыз сумен қамту бойынша

Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен
қамтылған.Облыс тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,6 пайызды құрайды.
Орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 22 ауылдық елді мекенде 6 мыңға жуық халық
қоныстанған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалған 22 елді мекенді 2025 жылдың
соңына дейін сапалы ауызсумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға
сәйкес жұмыстар атқарылуда. Жол картасы аясында 5 елді мекенді топтық су құбырына қосу,
2 елді мекенге су тұщытқышын орнату, 3 елді мекенде ішкі су жүйесінің құрылысы, 12 елді
мекенді қазіргі жағдайда қалдыру жоспарланған. 2024 жылға 11 жобаға (оның ішінде: 5 жаңа
жоба, 6 өтпелі жоба) барлығы 2.7 млрд.теңге қаржы бөлінді (оның ішінде РБ - 2,4 млрд.теңге,
ОБ - 0,3 млрд.теңге). 2024 жылғы жобалар бойынша барлығы 88 шақырым ауыз су және 23 шақырым
су бұру желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ауыз желілерінің тозу деңгейі
35 пайызға, су бұру желілерінің тозу деңгейі 32 пайызға төмендеді.

Дата публикации
22 января 2025
Дата обновления
22 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы