Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді
жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес
жұмыстар жасалуда. Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша
қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
АҚ-ы тағайындалды. 2024 жылдың 31 желтоқсанына «Отбасы банк»
АҚ- мен 1639 өтінім қолдау тауып, қазіргі таңда оның 755 азаматқа
ай сайын төлем жасалуда, 72 – келісім шарт жасалуда.