Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу барысы 2024 жылдың ІII тоқсан бойынша
2024 жылдың IIІ тоқсанының қорытынды есеп кезеңінде Басқармаға барлығы «Е-Өтініш» Ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 86 өтініш түсті. Оның ішінде арыз – 53, шағым – 3, сұрау салу – 15, ұсыныс – 13, үн қосу – 0, хабар – 2.
Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.
Басқарма басшысы және орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі.
Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.