2024 жылдың III тоқсанындағы тұрғын үй қатынастарының жұмыстары туралы мәлімет
Апатты үйлердің мәселесі бойынша
Қазіргі таңда, Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 54 үй көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 51 үй, Сырдария ауданында 2 үй, Жалағаш ауданында 1 үй бар.
Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 725 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 698 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы, Жалағаш ауданы бойынша 9 отбасы.
2024 жылы Қызылорда қаласының жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаралды.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Бүгінгі таңға, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды.
(немесе 73%-дан 43,5%-ға төмендеді).
2024 жылға республикалық бюджеттен 36 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге 2,111 млрд.теңге қаржы қаралалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
Қазіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ-ы азаматпен келісімдер жасалып, ай сайын төлем жасалуда.
Тұрғын үйге кезектілік жөнінде
Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 35533.
Оның ішінде:
-Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2068;
-«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 9190;
-Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 13719;
-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар -9781;
-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 775.