Меню

Страницы

Статья

2024 жылы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

2024 жылдың III тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет.

Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға
12 млрд.теңге қаржы қаралды (республикалық бюджеттен – 8,3 млрд.теңге, облыстық бюджеттен – 3 млрд.теңге, ҚЖЭО кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 566 млн.теңге). Оның ішінде:

Қызылорда жылу электр орталығының Оңтүстік қазандықтың Боно Энерджи маркалы үш бу қазандығын жаңғыртуға бюджеттен                    2 млрд. 700 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен
2 газотурбиналық қондырғыныңгенераторымен 11 қазандықтар күрделі жөндеу, 1 турбина мен 15 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, жұмыстар 99 пайызға орындалды.

Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 216 шақырым, тозу көрсеткіші 44,6 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылы жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 6 млрд. 900 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге
9,5 шақырым жылу желісінің 9,3 шақырымы жүргізіліп 97 пайызға орындалды.

Бұдан бөлек, облыстағы жалпы саны 1 067 әлеуметтік нысандардың (532 білім беру, 247 денсаулық сақтау, 288 мәдениет және спорт нысандары) дайындығы жалпы 100 пайызды құрайды.

 Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бойынша тұрақты бақылауда.

Дата публикации
03 октября 2024
Дата обновления
03 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы