2024 жылдың III тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10491 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2008 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 66 % құрайды.
Ағымдағы жылы электр жүйелерін жаңғырту бойынша 38 жобаға жалпы
9 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 786 шақырым электр желісі жүргізіліп, 175 дана қосалқы станцияларды жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күнге 140,4 электр желісі қайта жаңғыртылып, 42 қосалқы станция орнатылды.
Одан бөлек, облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаралып, 46 дана трансформаторлық станцияны күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары және 23,7 шақырым электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса, 4 дана арнайы автотехника сатып алынатын болады.
Инвестициялық бағдарлама бойынша 2024 жылы 460 млн. теңгеге 33,36 шақырым 10/0,4 кВ электр желілері және 1 дана 35/10 кВ қосалқы станциясына телемеханика және СКАДА жүйесін жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 66 пайыздан 62 пайызға төмендейді деп күтілуде.
2024 жылға Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалкы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынып, Ұлттық қордан 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекемесімен қондырғыларға тапсырыс берілген.
Сонымен бірге, 2024 жылы облыстық бюджет қаржысына электрмен қамтудың «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жұмыс жобасына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауында.