Меню

Страницы

Статья

2024 жылы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

2024 жылдың III тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет

Бүгінгі күні облыс халқын табиғи газбен қамту деңгейі
75 пайызды құрайды.

Облыс аумағында барлық қалалар (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы) мен аудан орталықтары (6 аудан орталығы) және 29 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылған.

Aғымдағы жылы газдандыру жобаларына республикалық бюджеттен 3,9 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 2,6 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 24 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Аталған қаржыға 306 шақырым газ желілері салынып,
24 жоба жүзеге асырылмақшы. Қазіргі таңда, 5 елді мекеннің (Алмалы, Бестам, Ақтоған, Торетам, Төменарық) газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газға қосылды. Жоспарланған 306 шақырым газ құбырының 216 шақырымы салынды.

Осылайша облыстың газбен қамту деңгейін 78 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 46-ға жеткізу жоспарлануда.

Көмірмен қамтамасыз ету бойынша. Алдағы жылу беру маусымына облыс бойынша қажетті көмір көлемі – 162,5 мың тонна, оның ішінде: тұрғындарға – 135,7 мың тонна, әлеуметтік нысандар үшін – 26,8 мың тонна. Қазіргі таңда, көмір қоймаларда нақты – 31 мың тонна көмір қоры жасақталған немесе 19 пайыз (сатылғаны -45,7 мың тн).

Көмір бағасы маркаларына сәйкес (Шұбаркөл, Қаражыра, Екібастұз)                       17 мың теңгеден 23 мың теңгеге дейін сатылуда.

Облыс көлемінде 26 өңірлік операторлар тіркелген, 20 көмір қоймалары бар.

 

Дата публикации
03 октября 2024
Дата обновления
03 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы