Меню

Страницы

Статья

2024 жылы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

2024 жыл бойынша сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған.Облыс тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,6 пайызды құрайды.
Орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 22 ауылдық елді мекенде 6 мыңға жуық халық қоныстанған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалған 22 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауызсумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. Жол картасы аясында 5 елді мекенді топтық су құбырына қосу, 2 елді мекенге су тұщытқышын орнату, 3 елді мекенде ішкі су жүйесінің құрылысы, 12 елді мекенді қазіргі жағдайда қалдыру жоспарланған. 2024 жылға 11 жобаға (оның ішінде: 5 жаңа жоба, 6 өтпелі жоба) барлығы 2.7 млрд.теңге қаржы бөлінді (оның ішінде РБ - 2,4 млрд.теңге, ОБ - 0,3 млрд.теңге). 2024 жылғы жобалар бойынша барлығы 88 шақырым ауыз су және 23 шақырым су бұру желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ауыз желілерінің тозу деңгейі 35 пайызға, су бұру желілерінің тозу деңгейі 32 пайызға төмендеді.


2024 жылдың II тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

Бүгінгі таңда, облыс бойынша 230 ауылдық елді мекеннің 204-і немесе халық санымен алғанда 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 26 ауылда 7 мыңнан аса адам немесе ауыл халқының 1.6 пайызы қоныстанған.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, 26 елді мекендегі халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту бойынша кезеңдік жоспар жасалынып, жұмыстар жүргізілуде.

2024 жылы ауыз сумен қамту және су бұру жобаларына республикалық және облыстық бюджеттен 11 жобаға 2,5 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде, 82 шақырым ауыз су және 18,4 шақырым кәріз желілері жаңғыртылады.

 

Дата публикации
02 апреля 2024
Дата обновления
22 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы