Меню

Страницы

Статья

2024 жылы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет

2024 жылдың II тоқсанындағы электр энергетикасы жұмыстары туралы мәлімет

Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10490,82 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2008 дана қосалқы станциялардан  тұрады, олардың тозу деңгейі 66 % құрайды.

2023 жылы облыстағы бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін электрмен қамту нысандары анықталып, жаңғырту-жөндеу, ауыстыру жоспары жасалды. Оның бірінші кезеңіне облыстық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржыға кернеулігі 10/0,4 кВ 35 қосалқы станция ауыстырылып, 27 дана кірпіштен жасалған ескі күштік трансформатор күрделі жөнделді.

Оған қоса 32 шақырым желі ауыстырылды.

2024 жылға екінші кезекке облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржыға 16 дана 10/0,4 кВ-ты ТП, КТПН-ді 10/0,4кВ КТПБ-ға ауыстыру, 0,5 шақырым 35кВ Л–33,34 әуе желілерін жаңғырту, ұзындығы 128,4 шақырым 10/0,4 кВ әуе желілерін қайта жаңарту, 5,6 шақырым 0,4 кВ кабель желілерін қайта жаңарту және автотехника сатып алу, атап айтқанда 4 дана «Коммуналдық қызметтерге арналған металл платформасы бар автокөлік», «Жылжымалы электротехникалық зертхана автокөлігі», «Мамандандырылған кран-манипулятор автокөлігі» қарастырылды.

2024 жылға Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалкы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынып, Ұлттық қордан 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

 

________________________________________________________________________________________________

Дата публикации
02 апреля 2024
Дата обновления
07 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы