Меню

Страницы

Статья

2024 жылы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

2024 жылдың II тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

Облыс бойынша жылу желілерінің тозу көрсеткіші 47 пайызды құрайды. Тозу деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылы 8 жоба бойынша 8,2 млрд. теңгеге жылу желілері қайта жаңғыртылатын болады. Нәтижесінде жылу желілерінің тозуы   44,1 пайызға төмендейді.

         Сонымен бірге, жылу желілеріне техникалық зерттеу (техобследование) жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджетте 45 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

         «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджет есебінен (378,5 млн. теңгеге) 10 әлеуметтік нысан қазандықтары қайта жаңғыртылады (Қармақшы - 4, Жалағаш – 2,  Сырдария-2, Шиелі - 2) оның ішінде 4 білім нысандардың қазандықтары сыртқа шығарылады (Қармақшы - 2, Шиелі - 2).

         Сонымен қатар, Қызылорда қаласында құны 215 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа жылуэлектрстанциясын салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

         «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» компаниясының Қызылорда қаласында филиалы ашылды. Қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Бас жобалаушы Швейцариялық «AFRY»  компаниясы таңдалды. Бүгінгі таңда  компаниямен жерді тегістеу, инженерлік-геодезиялық жұмыстар, қондырғы өндірушілермен келісім шарттар жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

         Жобаны аяқтау мерзімі 2025 жыл.

 

__________________________________________________________________________________________________

Дата публикации
02 апреля 2024
Дата обновления
07 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы