2024 жылдың II тоқсанындағы газдандыру жұмыстары туралы мәлімет
2024 жылы Шиелі ауданындағы Тәжібаев, Бестам ауылдары газға қосылып, облыс бойынша газдандырылған елді мекендердің саны 38-ге артты.
Сондай-ақ, 2024 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 20 жобаға 6 млрд.тг. қаржы бөлінді (ҰҚ-3 942 255 мың теңге, РБ-9 373 мың теңге, ОБ-2 131 759 мың теңге).
2024 жылдың соңына дейін 8 ауылдық елді мекенге (Сексеуіл, Абай, Төретам, Ақсу, Шәменов, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов, Төменарық) табиғи газ беріліп, облыстың газбен қамту деңгейі 78 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 46-ға жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, аймақ бойынша 306 шақырым газ желілерін жаңғыртуға және
20 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жобалардың тізбесі айқындалып, «Самұрық-Қазына» АҚ-ы тарапынан 16 жобаға 24 020 307 мың теңге қаржы бөлінді.
______________________________________________________________________________________________________