2023 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы аясында басқармада келесi жұмыстар жүргiзiлді.
Барлық мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке түскен кезде құқықтары мен мiндеттерi, олар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерi түсiндiрiлді. Заңмен бекiтiлген мерзiмде Басқарма қызметкерлерi салық органына жыл сайынғы жеке табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырады.
Басқармада құқықтық жалпыға мiндеттi оқуда тұрақты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң Әдеп кодексi және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша оқулар жүргiзiлді. Басқармамен 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 Қазақстан Республикасының әкімшілдік рәсімдік – процестік Кодексі сақталып, сондай – ақ жеке заңды тұлғаларды жеке қабылдау мәселесі ерекше бақылауға алынды. 2023 жылы «Е – өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 315 өтініш, оның ішінде 197-арыз, 6-шағым, 49-сұрау салу, 58-ұсыныс, 1-үн қосу, 4-хабар келіп түсті. Барлық өтініштерге мерзімінде сапалы жауап берілді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында басқарма басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған.
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылды.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп Кодексі және Әдеп жөніндегі өкіл туралы стенді жаңартылып, Басқарманың қабылдау бөліміне орналастырылды.
Басқарма қызметшілері тарапынан қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі барлық қызметшілерге ескертілген. Есепті мерзімде қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат веб-порталда тұрақты түрде орналастырылып, ақпарттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Облыс әкімдігінің бекітілген кестесіне сәйкес 2023 жылы ақпан айында Басқармада ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Талдау нәтижесімен 7 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оған сәйкес іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жалпы, Ішкі талдау рәсімдері белгіленген үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді, ол бойынша тыңдау өткізіліп, қажетті құжаттардың барлығы ресми интернет-ресурста жарияланды.
Сонымен қатар, Басқармада 2023 жылдың наурыз – мамыр айларының аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен бұйрық негізінде Басқарма мен Басқармаға қарасты кәсіпорындардың инженерлік инфрақұрылым жүргізу барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2020-2022 жылдар аралығы қамтылған сыртқы талдау жүргізілді.
Оның нәтижесінде Басқарма мен оған қарасты кәсіпорындарда 12 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оларды жою бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда болып, іс – шаралар жалғастырыла береді.