Меню

Страницы

Статья

2023 жылы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

2023 жылдың I тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

2023 жылы қала және аудандарды абаттандыруға және қазандықты газға ауыстыруға (Қызылорда қаласындағы Әйтеке би, Бұхарбай батыр, Алтынсарин, сол жағалаудағы Абылайхан даңғылы, Ғ. Мұратбаев стадион аумагын, С. Бейбарыс көшесін Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін абаттандыру, 17 көп қабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолын жөндеу, 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын орналастыру, Арал қаласындағы Р.Тұрымбетов, Б.Тәңірбергенов, Т.Әубәкіров, Н. Балапанов, А. Қаюпов көшелерін абаттандыру, «Рыбаков» аллеясын қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 6 көпқабатты үйдің аумағын абаттандыру, Сырдария ауданы Айдарлы ауылындағы Досбол датқа көшесіне жаяу жүргіншілер жолын орнату, Жаңақорған аудан орталығының 4 көшесіне жарық шамдар орнату, Қармақшы ауданындағы спорт кешенін сұйық отыннан газға ауыстыру) облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 13 әлеуметтік нысанды газдандыруға, 51 жоба бойынша көше жарықтандыру және абаттандыруға республикалық бюджетке өтінім жолданып, 8 газдандыру (Қармақшы ауданы – 2, Жалағаш ауданы – 2, Сырдария ауданы – 2, Шиелі ауданы 2) және 43 абаттандыру (Қызылорда қаласы – 19, Қармақшы ауданы – 24,  жобалары қолдау тапты.

2023 жылға 18 шақырым жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 14 жоба                          14,5 млрд.теңгеге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынылды. Оның 2 жобасына 922,7 млн. теңге бекітілген бюджетпен, қосымша                   6 жобаға 7,3 млрд.теңге бюджеттің нақтылауымен қаржы бөлінді. Қалған 6 жобаға 2024-2026 жылдарға республикалық бюджетті қалыптастыруға бюджеттік өтінінім жолданды.

____________________________________________________________________________________________________

2023 жылдың IІ тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

Алдағы жылу беру маусымына дайындық пен оны өткізу жөніндегі облыстық штаб құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Дайындық жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілуде.

Энергетика министрлігімен бірлесіп Қызылордажылуэлектрорталығының дайындығы бойынша Жол картасы әзірленді. Жол картасын орындау мақсатында  1,7 млрд. теңге қаржы қаралды, оның 1,5 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен, 207 мың.теңгесі кәсіпорынның өз қаржысы есебінен жүргізілуде.

Облыстық бюджет есебінен Қызылордажылуэлектрорталығының 2 дана газотурбиналық қондырғысы мен КУВ-30 су қазандығына күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде мердігер мекемелер анықталып, жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 9 бу қазандығы мен                  1 бу турбинасына және 18 автономды қазандықтарға жөндеу жұмыстары жоспарланып, 52 пайызға орындалды.

Облыс бойынша жылу желілерінің тозу көрсеткіші 47,5 пайызды құрайды. Тозу деңгейін азайту мақсатында 2023 жылы 18 км жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 14 жоба 14,5 млрд. теңгеге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынылды. Оның 8 жобасына  республикалық бюджеттен 8,2 млрд. теңге қаржы бөлінді (2 жоба –бюджеттік кредиттеу бағдарламасы,6 жоба - нысаналы трансферпен). Қазіргі таңда, 6 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 1 жоба басталуда, 1 жоба мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағым түсуіне байланысты сот ұйғарымымен тоқтатылды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 8,9 км жылу желілері жаңғыртылып, тозуы 44,6 пайызға төмендейді. Сонымен бірге, облыстық бюджет есебінен жылу желілеріне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен (378,5 млн. теңгеге) 10 әлеуметтік нысан қазандықтары қайта жаңғыртуда қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, облыстық бюджеттің нақтылауымен 10 жобаны бастауға 1,0 млн теңгеден қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 12 білім, 5 денсаулық сақтау, 3 спорт нысандардың қазандықтары жаңғыртылады (Қармақшы - 6, Жалағаш – 2, Сырдария-2, Шиелі – 6,    Жаңақорған -1), оның ішінде 11 білім нысандардың қазандықтары сыртқа шығарылады (Қармақшы - 4, Шиелі -6, Жаңақорған -1).

____________________________________________________________________________________________________

2023 жылдың IІІ тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

 

Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 208 шақырым желілердің тозуы  47,5% құрайды.  

Биыл 8,9 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 8 жобаға 8 млрд.теңге бөлінді:

6 жоба нысаналы трансфертпен 7 млрд. теңге;

2 жоба бюджеттік несие есебінен 922 млн. теңге,

Бүгінгі күнге, жоспарланған 8,9 шақырым жылу желілерінің  7.5 шақырымы немесе 84 пайызы ауыстырылды.    

Облыста 1067 әлеуметтік нысан бар, оның ішінде 532 білім беру, 247 денсаулық сақтау, 288 мәдениет және спорт нысандары. Жылу беру маусымына дайындықтары – 100%. Көпқабатты тұрғын үйлердің дайындығы - 98% (855 үйдің 834 дайын).

Абаттандыру жұмыстары

2023 жылы қала және аудандарды абаттандыруға республикалық және облыстық бюджеттен  62 жобаға 8766 млн. теңге қаржы бөлініп,  жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде:

Көшелерді жарықтандыру бойынша 34 жобаға 1132,3 млн. тг (Қызылорда қала көшелерін, Қызылжарма, Қарауылтөбе, Қосшынырау, Қызылөзек, Ақжарма а/о көшелері, Арал қаласындағы 5 көшелері, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде 13 көшесі, ДурОнгар ауылындағы 5 көшесі, Жаңақорған аудан орталығының 4 көшесін жарықтандыру),

Жаяу жүргіншілер жолына - 13 жобаға 2081 млн.т (Қызылорда қаласы 19 көше, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолын жөндеу (17 аула), Қарауылтөбе, Қосшынырау, Қызылөзек, Қызылжарма, Ақсуат а/о, Сырдария ауданы Айдарлы ауылындағы көшесіне жаяу жүргіншілер жолын орналастыру)

Абаттандыру жұмыстарына -14 жобаға 4810 млн. т. (Қызылорда қаласындағы Әйтеке би, Бұхарбай батыр, Алтынсарин, Ғ. Мұратбаев стадион аумагын, С. Бейбарыс көшесін, сол жағалаудағы Абылайхан даңғылы,  12 га гүл бульварын абаттандыру қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік аумақтарын күрделі жөндеу, Арал қаласындағы «Рыбаков» аллеясын қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 6 көпқабатты үйдің аумағын абаттандыру)

Қызылорда су жүйесі"  МКК-на  арнайы техника алуға 742,8 млн. т.

 

____________________________________________________________________________________________________

2023 жылдың IІІ тоқсанындағы жылумен жабдықтау жұмыстары туралы мәлімет

 

Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 208 шақырым, желілердің тозуы 47,5% құрайды.

Биыл республикалық бюджеттен 8 жобаға 8 млрд.теңге қаржы бөлініп,  8,7 шақырым жылу желілері ауыстырылды.

Нәтижесінде тозу көрсеткіші 2,9 пайызға төмендеді

(47,5%-дан 44,6%-ға дейін).

Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.

 

Абаттандыру жұмыстары

2023 жылы қала және аудандарды абаттандыруға республикалық және облыстық бюджеттен  51 жобаға 6 200.0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Оның ішінде: Көшелерді жарықтандыру бойынша 33 жобаға 1131,0 млн. тг қаржы бөлінді (Қызылорда қала көшелерін, Қызылжарма, Қарауылтөбе, Қосшынырау, Қызылөзек, Ақжарма а/о көшелері, Арал қаласындағы 5 көшелері, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде 13 көшесі, ДурОнгар ауылындағы 5 көшесі, Жаңақорған аудан орталығының 4 көшесін жарықтандыру).
Жаяу жүргіншілер жолына - 10 жобаға 1 188,0 млн.тг қаржы бөлінді (Қызылорда қаласы 19 көше, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолын жөндеу (17 аула), Қарауылтөбе, Қосшынырау, Қызылөзек, Қызылжарма, Ақсуат а/о, Сырдария ауданы Айдарлы ауылындағы көшесіне жаяужүргіншілержолынорналастыру).

Абаттандыру жұмыстарына – 8 жобаға 3 900 млн.тг (Қызылорда қаласы Ғ. Мұратбаев стадион аумағын, С. Бейбарыс көшесін, сол жағалаудағы Абылайхан даңғылы, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аула ішілік аумақтарын күрделі жөндеу, Арал қаласындағы «Рыбаков» аллеясын қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі                                  6 көпқабатты үйдің аумағын абаттандыру,орталық алаңды абаттандыру).

«Қызылорда су жүйесі»  МКК-на  арнайы техника алуға 1 200,0 млн. теңге қаржы қаралып, 31 техника сатып алынды.

Дата публикации
10 апреля 2023
Дата обновления
08 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы