Меню

Страницы

Статья

2023 жылы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

2023 жылдың I тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

2023 жылға республикалық және облыстық бюджет арқылы 14 жобаға (оның ішінде: 6 жаңа жоба, 8 өтпелі жоба) барлығы 5 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде РБ – 4,5 млрд.теңге, ОБ – 0,5 млрд.теңге (Қызылорда қаласы – 6 жоба, Арал ауданы – 1 жоба, Байқоңыр қаласы – 1 жоба, Қармақшы ауданы – 3 жоба, Жалағаш ауданы – 3 жоба). Қазіргі таңда, жаңа жобалар бойынша құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мердігерлер анықталды. Ал, өтпелі нысандар бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылы тиісті жұмыстар мерзімінде атқарылып пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 82,5 шақырым ауыз су, 6 шақырым кәріз жүйелері мен 12 дана КНС-ті жаңғырту және 7 ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр. 2023 жылға республикалық бюджеттің нақтылауына 1,9 млрд. теңгеге 6 жоба (Шиелі ауданы – Қызылқайын, Қосүйенкі, Жаңақорған ауданы – Жайылма, Сүттіқұдық, Қожамберді, Қызылорда қаласындағы КНС №29 кәріз құдығына дейінгі кәріз жүйесінің құрылысы ) және «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 0,4 млрд. теңгеге 4 жобаны (Сырдария ауданы Шаған, Амангелді, Қоғалыкөл) қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.Сонымен қатар, 2023 жылға облыстық бюджеттен қаржыландыруға Арал ауданы Құланды елді мекеніне 21,2 млн. теңгеге КБМ орнатуға және Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр, Жаңаталап елді мекендеріндегі су кешеніне су мұнарасын сатып алуға 13,4 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

____________________________________________________________________________________________________

2023 жылдың IІ тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

2023 жылға республикалық және облыстық бюджет арқылы 23 жобаға барлығы 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде РБ – 6,7 млрд.теңге, ОБ – 0,5 млрд.теңге (Қызылорда қаласы – 7 жоба, Арал ауданы – 1 жоба, Байқоңыр қаласы – 1 жоба, Қармақшы ауданы – 3 жоба, Жалағаш ауданы – 3 жоба, Сырдария ауданы – 3 жоба, Шиелі ауданы – 2 жоба, Жаңақорған ауданы – 3 жоба).

Қазіргі таңда, жаңа жобалар бойынша құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда. Ал, өтпелі нысандар бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылы тиісті жұмыстар мерзімінде атқарылып пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 94,5 шақырым ауыз су желілерін салу, 68,5 шақырым су жүйелерін және 6 шақырым кәріз жүйелері мен 12 дана КНС-ті жаңғырту,7 ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен Арал ауданы Құланды елді мекеніне және Шиелі ауданы Жуантөбе елді мекеніне су тұщытқыш орнатуға 38,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

____________________________________________________________________________________________________

2023 жылдың IІІ тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

Облыс бойынша барлық 230 ауылдық елді мекеннің 198 немесе халық санымен алғанда 98,1 пайызы (442,4 мың адамның 434 мың адам) орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша өңірімізде кешенді жоспар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары бойынша 23 жобаға барлығы 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.

Жобалар толығымен аяқталған соң 163 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылып, 100 мыңнан аса халықтың ауыз сумен қамтылуы жақсарады.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен Арал ауданы Құланды елді мекеніне және Шиелі ауданы Жуантөбе елді мекеніне су тұщытқыш орнатуға 38,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жыл соңына дейін ауыл тұрғынын ауыз сумен қамту деңгейін 98,3 пайызға жеткізу жоспарлануда.

 

____________________________________________________________________________________________________

2023 жылдың IV тоқсанындағы сумен қамтамасыз ету және суды бұру жұмыстары туралы мәлімет

 

Облыс аумағы бойынша барлық 230 ауылдық елді мекеннің 198-і немесе халық санымен алғанда 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған.

2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары бойынша 23 жобаға барлығы 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.

2023 жылы Арал ауданы, Көктем елді мекенін топтық су жүйесіне қосу жұмыстары және  Құланды елді мекені, Шиелі ауданы Жуантөбе елді мекендеріне су тұщытқыш қондырғысын орнату жұмыстары аяқталды.

Шиелі ауданы Қызылқайын және Қосүйенкі елді мекендерінің ішкі су жүйелерін салу жұмыстары аяқталып нысан пайдалануға берілді. Жыл соңында ауылдық елді мекен тұрғындарын ауыз сумен қамту деңгейі  98,4 пайызға жеткізілді.

 

Дата публикации
06 апреля 2023
Дата обновления
08 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы