Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ақпараты

2022 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы аясында басқармада келесi жұмыстар жүргiзiлді.

Барлық мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке түскен кезде құқықтары мен мiндеттерi, олар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерi түсiндiрiлді. Заңмен бекiтiлген мерзiмде Басқарма қызметкерлерi салық органына жыл сайынғы жеке табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырады.Басқармада құқықтық жалпыға мiндеттi оқуда тұрақты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң Әдеп кодексi және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша оқулар жүргiзiлді. Басқармамен 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 Қазақстан Республикасының әкімшілдік рәсімдік – процестік Кодексі сақталып, сондай – ақ жеке заңды тұлғаларды жеке қабылдау мәселесі ерекше бақылауға алынды. 2022 жылы Е – өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 346 өтініш, оның ішінде 144-арыз, 16-шағым, 127-сұрау салу, 36-ұсыныс, 6-үн қосу, 17-хабар келіп түсті. Барлық өтініштерге мерзімінде сапалы жауап берілді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында басқарма басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған.Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің әдеп Кодексі және Әдеп жөніндегі өкіл туралы стенді әзірленіп, Басқарманың қабылдау бөлімінде көрінетін жерге ілінген.Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру, алдын алу және болдырмау мақсатында құқықтық оқулар өтікізу мақсатында басқарманың қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін және құқықтық деңгейін арттыру бағытында құқықтық оқудың жоспары бекітілген.Басқарма қызметшілері тарапынан қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі  барлық  қызметшілерге ескертілген. Есепті мерзімде  қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ. 

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат веб-порталында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жариялау белгіленген. Жоспарда белгіленген іс-шараларды толық жүзеге асыру  үшін қажетті жұмыстар жүргізілді.Сонымен қатар, 2022 жылдың тамыз және желтоқсан айларында Басқарманың жалпы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, 7 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, қазіргі таңда жою жұмыстары жүргізілді.Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда болып, іс – шаралар жалғастырыла береді.

2022 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында Басқармаға қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс қызметтері жұмыс жасауда.

 

Дата публикации
06 января 2023
Дата обновления
06 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
22 января 2026
1100 МВт жаңа жылу электр орталығы
22 января 2026
Жаңа жылу электр орталығы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы