Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Сумен қамту және су бұру бойынша.

Облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызды құрайды.

Жалпы 2026 жылға 7 жобаға 11,9 млрд. теңге қаржы қаралды. Олар:

2026 жылы 5 жобаға республикалық және облыстық бюджеттен    4,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 4 жобаны аяқтау жоспарлануда (Жалағаш ауданы, Аламесек е.м. Қызылорда қаласы 70 мың м3 биологиялық тазарту, Қызылорда қаласы орталық бөлігі және Талдыарал е.м.).

2027 жылға бір жоба өтпелі (Арал және Қазалы аудандарында магистралды су құбырын жүргізу).

Сонымен қатар, Арнаулы қор арқылы 2025 жылдан өтпелі 2 жоба бар. Олар (Жаңақорған ауданы Май бекеті, Байқоңыр қаласы). Аталған жобаларға 2025 жылы 10,0 млрд. теңге қаржы бөлініп, 3 млрд. теңге қаржысы игерілді. Қалған 7 млрд. қаржыны 2026 жылы игеру жоспарлануда.

Аталған жұмыстар нәтижесінде су желілерінің тозу деңгейі 31%-ға және кәріз желілерінің тозу деңгейі 30%-ға төмендейді деп күтілуде.

Дата публикации
06 апреля 2026