Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Жылумен қамту бойынша

2025-2026 жылғы жылу беру маусымы Қызылорда қаласында 1 сәуірде аяқталды, қалған аудандарда 15 сәуірге дейін аяқтау жоспарлануда.

Жылу беру маусымында барлық әлеуметтік нысандар (1079) мен орталық жылуға қосылған қөпқабатты тұрғын үйлер (909) үздіксіз  жылумен қамтылды.

Облыс бойынша тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс жасады. Жылу сыртқы ауа температурасына сәйкес берілді.

2025-2026 жылғы жылу беру маусымын тұрақты және іркіліссіз өткізу мақсатында, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-на газ отынын сатып алуға 375 млн.теңге қаржы субсидия берілді.

Жылу желілерін жаңғырту бойынша 2026 жылға өтпелі 6 жобаны аяқтауға республикалық бюджеттен 3,6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы жобаларды толығымен аяқтап, қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендеді (42% дан 40% дейін).

Жаңа жылу электр орталығы бойынша

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қызылорда қаласында қуатылығы 240 мегаватт электр энергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы салынды.

Жобаның жалпы құны – 215 млрд.теңгені құрайды. Жылу электр орталығы инвесторы «Aksa Energy» түрік компаниясы болып табылады.

Бүгінгі таңда, компания тарапынан жылу орталығы тесттік режимде іске қосылып, 176 мегаватт электр энергиясын өндіру қуатын пайдалануға берді. Сонымен бірге 4 су жылыту қазандығы мен бу турбинасы іске қосылды.

Жылу орталығы бойынша қалған қазандықтарды ағымдағы жылдың мамыр айында толығымен қосу жоспарлануда.

Абаттандыру жұмыстары

2026 жылға облыстық бюджеттен Қызылорда қаласында Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту (Қайта түзету) жобасы бойынша жұмыстарды аяқтауға      6,4 млрд.теңге бөлінді.

Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыруға 2026 жылға облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, Қызылорда қаласына қарасты 2 елді мекенге (Ақжарма, Талсуат) жаяу жүргіншілер жолын салу құрылысына 119,4 млн. теңге және Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағына 15 ойын алаңдарын салу жұмыстарына 1 млрд. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ыстық сумен қамту бойынша

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту жобасы іске асырылуда. Жобабойынша 26,2 млрд. теңге қаржыға                 423 тұрғын үй ыстық сумен қамту жоспарланған. Жоба 2 кезеңмен іске асырылуда.

Бірінші кезең бойынша 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды.

Екінші кезең бойынша 2025 жылы 237 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін 15,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде (ҚР Үкіметінің резервінен 5 млрд. теңге, Арнайы мемлекеттік қордан 10,2 млрд. теңге).

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 апреля 2026