«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша 2025 жылғы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепке түсіндірме жазба

 «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша

2025 жылғы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепке түсіндірме жазба

 

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 2025 жылға 79 637 220,8 мың теңге жоспарланды, игерілген қаржы 79 636 573,8 мың теңге немесе 100 %,  игерілмегені 647,0 мың теңге (үнемделген).

Оның ішінде, Басқарма арқылы жоспар 37107863,4 мың теңге, игерілгені                37 107 216,4 мың тенге (100%), трансферт арқылы Қызылорда қаласы мен аудан бюджеттеріне 42 529 357,4 мың теңге аударылды.

         Жалпы 14 бюджеттік бағдарлама бойынша жобалар іске асырылды, түпкілікті нәтижеге 100% қол жеткізілді.

         Тікелей нәтижегеге 11 бағдарламасы бойынша (001, 007, 032, 050, 051, 054, 060, 071, 096, 113, 114, 139) 100% қол жеткізілді.

         038 бюджеттік бағдарламасы бойынша 96% (10 жоба бойынша құрылыс жұмыстары толық аяқталды, 12 жобаның ЖСҚ әзірленіп сараптама қорытындысы алынды, 1 жобаның ЖСҚ сараптаманың қарауында).

         065 бюджеттік бағдарламасы бойынша 67% (Қызылордажылу электрорталығы" МКК-ның  жылу энергетикалық жабдықтарын  жаңғыртуға және «ҚЭТТК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту есебінен 5 жобаға қаржы бөлінді, оның 2 жобасына қаржы желтоқсан айында бөлуіне байланысты сатып алу  конкурстар аяқталмаған).

         114 бюджеттік бағдарламасы бойынша 96 % (50 жобаның 48 аяқталды, Қызылорда қаласы бойынша 2 жоба толығымен аяқталмады).

         001015- «Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасына 404 896,0 мың теңге қаржы бөлініп                   404 678.4 мың теңгесі (100 %) игерілді, 217,6 мың теңге үнемделген қаржы.

         Бөлінген қаржы 17 мемлекеттік қызметшілер мен 15 азаматтық қызметшілердің еңбекақыларын, іс сапар шығындарын және басқа да аппарат шығындарын төлеуге жұмсалған. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесімен коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. Нысандарды мемлекеттік тіркеу, төлқұжаттандыру жұмыстары жүргізілді.  Жосалы және Тереңөзек кенттеріндегі АГТС газдандыру нысандарын пайдалану қызметі, АГТС-3 "БГҚ" газбен жабдықтау объектілерін пайдалану қызметтеріне қаржы аударылды.

         2025 жылы газдандыру жобаларына барлығы 17 272 678.8 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржыға 18 жоба жүзеге асырылды (республикалық бюджеттен 5685102,0 мың теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ-нан 8503540,9 мың. теңге, облыстық бюджеттен 3084033,9 мың. теңге). 11 елді мекен (Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Ақтан батыр, Н.Ілиясов, Шаған, Дүр Оңғар, 21-бекет, Жансейіт, Сабалақ) көгілдір отынға қосылып, 17 мыңға жуық тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті.   

         2025 жылы электр желілері мен қондырғыларының жаңғырту бойынша                          12 жобаға 6 181 714,0 мың теңге қаржы бөлініп, 3 989 706,0 мың теңге қаржыға              280 шақырым электр желісін және 2 192 008,0 мың.теңгеге 87 дана қосалқы станция қайта жаңғыртудан өткізілді (Қазалы ауданы Қожабахы елді мекені, Қазалы қаласы, Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекені, Шиелі ауданы Шиелі кенті, Шиелі ауданы Қодаманов ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда қаласы Айнакөл ауылы).

            «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның тарифті шығнадар аясында 869 000,0 мың теңгеге 99 шақырым әуе желісі және 72 бірлік қосалқы станция қайта жаңғыртудан өткізілді.

            Сондай-ақ, басқарма тарапынан Шиелі кентіндегі 220 кВ қосалқы станция мен Қызылорда қаласындағы 35 кВ Л-31А, Л-32А әуе желілері қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

         Жаңақорған кентінің 10/0,4 кВ электр желілері толығымен қайта жаңғыртылып, кент тұрғындарының пайдалануына берілді.

         2025 жылы Арал және Қазалы аудандарында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының №13 ВК-дан бастап Әйтеке би кентінің №1 сорғы станциясына дейін магистральдық су таратқышының 2-тармағын салу жобасына ҚР Ұлттық қордан      5 500 000,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді (аяқтау мерзімі 2029 ж).

         Арал ауданы Ақбасты, Абай, Тоқабай, Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендері топтық су құбырына қосылып, Қазалы ауданы Шәкен, Шитүбек, Сарбұлақ, Шилі елді мекендерінде ішкі су жүйелерін салынып, 2 елді мекенге су тұшытқыш қондырғысы орнатылып (Лесхоз, Бірлік) тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі шешілді. Нәтижесінде, 2025 жылы облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайыз құрады.

         Жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 2025 жылы
8 902 180,9 мың теңге қаржы бөлінді (республикалық бюджеттен – 1 446 750,0 мың теңге, Үкімет резервінен – 2 523 765,6 мың. теңге, облыстық бюджеттен –                          4 567 665,3 мың.теңге, Қызылорда жылу электр орталығы кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 364000 мың.теңге). Оның ішінде: Қызылордажылу электрорталығының Оңтүстік қазандықтың БОНО ЭНЕРДЖИ маркалы үш бу қазандығына Үкімет резервінен 2 523765,6 мың теңге, жергілікті бюджеттен                 1 327 312,3 мың теңге бөлініп, қайта жаңғыртылды. Жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 3 619 439,2 мың теңге қаржы бөлініп, 4,3 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендеді (42% дан 40% дейін). Жылу желілерінің тозу деңгейін азайту мақсатында облыстық бюджет қаржысы есебінен жобалар әзірленді.

         Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда. «Отбасы банк» АҚ- мен 860 аса азаматқа ай сайын төлем жасалды.

         2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен                 10 812 103,0 мың.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды. Екінші кезең бойынша: 2025 жылы 237 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін 15,2 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде ҚР Үкіметінің резервінен 5 015 785,2 мың теңге теңге, Арнайы мемлекеттік қордан 10 190 476,0 мың теңте.

         Жылу беру маусымы өңірімізде ағымдағы жылдың
8 қазанында басталып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлер мен  әлеуметтік нысандар толығымен жылумен қамтамасыз етілуде.

         001 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге (100%) қол жеткізілді.

        

         007- «Жылу-энергетикалық жүйені дамыту» бағдарламасы бойынша                    2 237127,0 мың теңге жоспарланып, 2 237 126,8 игерілді, 0,2 мың теңге үнемделген қаржы.

         «Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі  220/35/10 кВ "Шиели" ҚС қайта жаңғырту» жобаға 032-ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 1942231,0 мың теңге, игерілгені 1942230,9 мың теңге,  0,1 мың теңге үнемделген қаржы, 015-Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 294895,9 мың теңге игерілді, 0,1 мың теңге үнемделген қаржы. Жоба өтпелі.

         007 бюджеттік бағдарлама тікелей және түпкілікті нәтижеге (100%) қол жеткізілді (100%).

        

         032015 -«032 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылы барлығы 5 648 733,0 мың теңге субсидия бөлінді. «Қазсушар» РМК «Сыр Суы» филиалына аударылып, жеңілдетілген тарфпен 195 елді мекендер су алды.

         032 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).

        

         038 015- «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша 5 253 243,4 мың теңге қаржы жоспарланып, 5 253 815,3  мың теңге игерілді, 416,6 мың теңге мердігердің қабылдаған міндеттемені орындамауынан төленбесе, 11,5 мың теңге үнемделген қаржы.

         2024 жылы басталған жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 2 жоба аяқталды. 6 жоба қоса қаржыландырылып, Қызылорда қаласындағы жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «ҚЖЭО» МКК Оңтүстік қазандығының «BONOENERGIA» үш бу қазанын реконструкциялау жобасы қоса қаржыландырылды.

         Жылумен қамту бойынша 13 жоба-сметалық құжаттаманының  12 сараптама қорытындылары алынды, 1 жоба әзірленіп, «Мемсараптама» РМК-ның қарауына ұсынылды.

         «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан                       40 МВт-тық жылу қазандығының құрылысы. Сыртқы желілер» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді.

         ӘЖ-35кВ Л-31А, Л32А ҚС-220/35/10 кВ Қызылорда-ҚС 35/10 кВ Өнеркәсіптік желіні қайта құру жобасы бойынша 7,4 км электр желілері жүргізілді.

        

         038 011- Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен                          1 446 750 мың теңге жоспарланып, толығымен игерілді. 6 жоба іске асырылып,                    4,3 км жылу желілері қайта жаңғыртылды, 41000 мың абонент үздіксіз жылумен қамтамасыз етілді.

         038 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижеге 95,7% қол жеткізілді (23 жобадан 22 орындалды) және түпкілікті нәтижеге 100% қол жеткізілді.    

        

         050015–«Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2025-2026 жылы жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін "Қызылордажылуэлектрорталығы" МКК отын сатып алуға (77,7 тонна)  шығындарын субсидиялау және 2025-2026 жылы жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін "Қызылордажылу электрорталығы" МКК тауарлық газын сатып алуға (4782,666 мың м3) шығындарын субсидиялауға 161200,5 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Қызылорда қаласының тұрғындарын  үздіксіз жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етілді.

         050 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).

        

         051032–«Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарлама бойынша ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен «Арал және Қазалы аудандарында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының №13 ВК-дан бастап Әйтеке би кентінің №1 сорғы станциясына дейін магистральдық су таратқышының 2-тармағын салу» жобасына 5500000,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. 23 шақырым су желілері жүргізілді. Жоба өтпелі, аяқтау мерзімі 2029 ж.

         051 бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).      

         054015- «Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер» бағдарламасы бойынша 127828,8 мың теңге қаржы жоспарланып, толық игерілді.

         Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында беріледі (1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айрылған жетім балалар; көп балалы отбасылар).

         Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалған.

         2025 жылдың 31 желтоқсанына  «Отбасы банк» АҚ- мен 860 азаматқа төлем жасалды.

         054 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).

         060 015- «Ауыл –Ел бесігі»жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік анфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы бойынша 324829,0 мың теңге қаржы жоспарланып, 324828,8 мың теңге игерілді, 0,2 мың теңге үнемделген. Жаңақорған кентінде  10/0,4 кВ электржелілік жүйені жаңғырту жобасын аяқтауға қаржы бөлінді.  Жалпы 297 шақырым электр желілері қайта жаңғыртылып, кент тұрғындарының пайдалануына берілді.

060 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).               

         065 015 - «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасы бойынша 2 235 960,9 мың теңге қаржы жоспарланып, толық игерілді.

         «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның  жылу энергетикалық жабдықтарын дамыту және жаңғыртуға 1 798 28,3 мың теңге қаржы қаралды. Өндірістік қажеттіліктері  үшін 11АБМК дизельді генератор сатып алынды, сол жағалауда жылу жүйесін жүргізуге қажетті материалдар алынып, жұмыстар жүргізілді.

         «ҚЭТТК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға барлығы 2 056 132,6 мың теңге қаржы бөлінді. Үш жоба бойынша жұмыстар аяқталды: 35/10 кВ «Шұғыла» қосалқы станциясын қайта жаңғыртылды,  Қызылорда қаласындағы 35,6 км 10/0,4 кВ әуе электр желілерін жер асты заманауи кабель желілеріне ауыстырылды, Сырдария ауд.Таң ауылындағы 1 трансформатор ауыстырылды.  «35 кВ Л-55 и Л-56 «Тасбугет – Амангельды» жобасында 35 кВ әуе желісінің 16,3 шақырым сым алмастыру», «35 кВ Л-51 и Л-52 «Промышленная – Тасбугет» жобасында 35 кВ әуе желісінің 14,3 шақырым сым алмастыру»  2 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталына қажетті жұмыстар мен материалдар жарияланып, жеңімпаз анықталуда.

         065 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеді (66,7%).

         071015 – «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша  облыстық бюджеттен 4 247 744,0 мың теңге бөлініп, 4 247 743,3 мың теңге игерілді, 0,7 мың үнемделген қаржы. 2 жоба бойыынша құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді, оның ішінде «Қызылорда қаласында АГТС орната отырып "Бейнеу-Шымкент" магистральды газ құбырынан газ құбыры тармағын және жаңа бу-газ қондырғысына дейінгі жеткізуші газ құбырын салу» жобасы бойынша 2,5 км газ құбыры жүргізілді. «Арал ауданы Қамыстыбас кентінде АГТС орнатумен "Бейнеу - Шымкент" магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысы» жобасы бойынша 22 шақырым ғаз құбыры салынды.

         071 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).

         096 015 – «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бағдарламасы бойынша  облыстық бюджеттен 1 980 000,0 мың теңге бөлініп, игерілді. Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелері орындалды. Қызылорда қаласында 80 орталық көшені,              40 саябақты, алаңдарды, аллеялар мен скверлерді көгалдандыру, абаттандыру және күтіп-ұстау, 12 субұрқақ кешенін жөндеу және ұстау, жыл сайын 450 000 жылдық гүл, 65 000 көпжылдық гүл, 20 688 ергежейлі раушан гүлдерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.

         096 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).       

         113015- «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер» бағдарламасы бойынша 940211.4 мың теңге қаржы жоспарланып, игерілгені 940211.4 мың теңге, 1,4 мың теңге үнемделген. 5 жобаға қаржы бөлініп, толығымен аяқталды, атап айтқанда:

         Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округі Жанкент елді мекенінде демалыс саябағын ағымдағы жөндеу (брусчатка төсеу, беседка, отыратын орындық, қоқыс жәшіқтері орнатылды),  Қармақшы ауылының орталық алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары (бетонды плиталар, отыратын орындықтар, қоқыс жәшіктер орнатылды), Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылдық округі, Тақыркөл ауылы, С.Қожанов, М.Мақатаев, Ә.Бектібайұлы, Д.Қонаев, М.Жандарбеков, О.Таңатаров, Ш.Ысқақұлы бойын жарықтандыру (7 көше, 5,5 км) жұмыстары жүргізілді.

         Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы №1, Тоқмағанбетов көшесі №27, Қонаев көшесі №26, Әйтеке би көшесі №20, Төле би көшесі №47А, Әбуов көшесі №8, Бұхарбай батыр көшесі №58, Бұхарбай батыр көшесі №54, Әуелбеков көшесі №36, Әуелбеков көшесі №39, Әуелбеков көшесі №41 тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеу» жобасы бойынша 6 тұрғын үй, «Қызылорда қаласындағы Абай даңғылы №33, Абай даңғылы №32, Абай даңғылы №30, Абай даңғылы №34А, Абай даңғылы №28, Н.Назарбаев даңғылы №1, Н.Назарбаев даңғылы №2, Н.Назарбаев даңғылы №3, Н.Назарбаев даңғылы №4 тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеу» жобасы бойынша 5 тұрғын үй жөндеуден өтті.

         113 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).       

         114015 –облыстық бюджеттен 32 202 835,0 мың теңге бөлініп, 32 190 869,3 мың теңге  игерілді, игерілмеген қаржы 11 965,7 мың теңге, оның 11943,8 мың теңге мердігердің қабылдаған міндеттемені орындамауынан, 21,9 мың теңге үнемделген қаржы.

         Газбен қамту бойынша 7 жоба облыстық бюджеттен қоса қаржыландырылып, Қазалы ауданы, Ақтан батыр е.м., Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округіне қарасты Баймұрат батыр, Талдыарал елді мекендері және Төрттам учаскесі, Сырдария ауданының Шаған е.м., Қазалы ауданының Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев  е.м. және Қызылорда қаласы, Сабалақ, Жалағаш ауданы, Қаракеткен және Далдабаев елді мекендері газдандырылды.

         «Самұрық –Қазына» АҚ арқылы Қармақшы ауданының Дүр Оңғар е.м, Арал ауданы Қамыстыбас АГТС, Шиелі ауданы Жансейт пен 21-бекет елді мекеніндеріне газ желілерінің құрылысы жүргізілді.

                Жаңақорған ауданында бройлер өсіру бойынша құс фабрикасын 9,9 км газбен жабдықтаудың сыртқы желілерін салынды.

         Сонымен қатар, 3 нысанның жылу қазандығы газ отынына ауыстырылды ("Ғарыш-инфрақұрылым" КММ әкімшілік ғимараты, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжіне газ жүргізу және қазандық ғимаратын реконструкциялау).

        

Сумен жабдықтау бойынша 10 жоба қоса қаржыландырылды. Атап айтқанда: Арал ауд. Ерімбетжаға, Тастүбек е.м.,  Қазалы ауд Сарбұлақ, Шилі, Шәкен, Шитүбек е.м. ауыз сумен қамтамасыз етілді, Арал қаласы бойынша кәріздің сыртқы желісінің құрылысы, Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру, Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау жұмыстары, Қызылорда қаласы орталық бөлігінің су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілді (оның ішінде 7 жоба аяқталды, 3 жоба өтпелі).

         Сонымен қатар, Қызылорда қаласы бойынша 10 жоба іске асырылып, 11,8 км ауыз су және кәріз желілері қайта жаңғыртылды.  Жалағаш Аламесек е.м. ауыз су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

         Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен Қызылорда қаласының Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту, Қызылорда қаласы, Қорқыт ата атындағы саябағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

         114011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен»                    1 299 827,0 мың теңге қаржы бөлініп, 1 299 794,7 мың теңге игерілді, 32,3 мың теңге үнемделді.

         Электрмен жабдықтау бойынша 6 жоба іске асырылды, оның ішінде Қазалы ауданы, Қазалы қаласының 67,3 км электр желілері мен 6 дана трансформаторлық станция қайта жаңғыртылды, Сырдария ауданы, Қалжан ахун елді мекенін 9,6 км электр желілері мен 4 дана трансформаторлық станциялар орнатылды, Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылдарына 30 км электр тарату желілері қайта жаңғыртылды,  Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы елді мекеннің 35,9 км электр желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілді, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылындағы 25,8 км ВЛ 10/0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялаудан өтті, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен ПС-35/10 кВ қосалқы стансасының құрылысы жүргізілді.

         Сумен жабдықтау бойынша РБ  6 жобаға қаржы бөлініп, жұмыстары аяқталды (Арал ауд. Ерімбетжаға, Тастүбек е.м.,  Қазалы ауд Сарбұлақ, Шилі, Шәкен, Шитүбек е.м.).

         Қамыстыбас ауылында жеткізуші газ құбыры мен кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы жүргізлді.

         114032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан  берілетін нысаналы трансферттер есебінен» 8 086 484,0 мың теңге бөлініп, 8 035 057,7 мың теңге игерілді, 50 825,9 мың теңге мердігердің қабылдаған міндеттемені орындамауынан төленбеді, 0,4 мың теңге қалдық қаржы.

         Газбен қамту бойынша 8 жоба іске асырылды, оның ішінде Арал ауданы Қамыстыбас, Сексеуіл АГТС, Қазалы ауданы 5 елді мекен, Жаңақорған АГТС, Шиелі ауд. Жансеит, Қызылорда қаласы Сабалақ 1, Сырдария ауданы Шаған, Ақжарма е.м.

         Сонымен қатар, «Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру» және «Қызылорда қаласының кәріздік сорғы станцияларын реконструкциялау және жаңғырту. Рабочая көшесінің бойындағы 3 агрегатқа арналған №13 "Гагарин" КСС» жобалары бойынша жұмыстар жүргізілді (жобалар өтпелі).

         114 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижеге 99,8% және түпкілікті нәтижеге 100% қол жеткізілді.

         139 000 - «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша   2 жобаға 7 539 550,8 мың теңге бөлініп, игерілгені            7 539 550,7  мың теңге (100%), 0,1 мың теңге қалдық қаржы.

Оның ішінде, 

         2 523 765,0 мың теңге қаржыға Қызылорда қаласында "Қызылордажылу электрорталығы" МКК Оңтүстік қазандығы "BONO ENERGIA" үш бу қазандығын реконструкциялау" жобасы бойынша  құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді.

         5 015 785,2 мың теңге қаржыға Қызылорда қаласындағы 61көппәтерлі тұрғын үйлер ыстық сумен қамтамасыз етілді.

         139 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).

 

Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісі                                             ______________          М. Усаин

 

                     

Бөлім басшысы                                 ______________          К. Кудабекова

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 марта 2026