Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспорты 279 - «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-і 2026-2028 жылдарға

 

 

Бюджеттік сұранымды жасау,

 

ұсыну, қарау қағидаларына
2-қосымша

 

_________________ нысан

 

 

 

 Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспорты

279 - «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-і

2026-2028 жылдарға

 

  1. Жетекшілік ететін саладағы/аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары: Қызылорда облысы аумағында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
  2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің нормативтік-құқықтық негізі: Қызылорда облысы әкімдігінің «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №208 қаулысына сәйкес құрылған. «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылдың 20 мамырдағы №560 қаулысына сәйкес құралған. Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылдың 9 желтоқсанындағы №199 шешімі. Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылдың 12 желтоқсанындағы №233 қаулысына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
  3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе функциялары, өкілеттіктері мен құзыреттері туралы мәліметтер: -облыс аумағында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

-           Облыстың газ-жылу-энергоэнергетикалық ресурстар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

-           Тұру жағдайы мен ұсынылатын тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй-коммуналдық қоры қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіру;

-           Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

-           Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;

-           Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;

-           Ауыз сумен қамту саласындағы бағдарламалардың облыста жүзеге асырылуын  қамтамасыз етеді;

-           Жылу желілерін дайындауды және жөндеу қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады.- облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынау;

- ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ, қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

Электрэнергиясымен жабдықтау бойынша

Қызылорда облысында 10 504 шақырым электр желісі мен кернеуліктері, әртүрлі 2 018 қосалқы станция бар. Қазіргі таңда, электр желілері мен қоңдырғыларының тозу деңгейі 61 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылы электр желілерімен қондырғыларының жаңғырту бойынша 12 жобаға 6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 3,1 млрд. теңге қаржыға 280 шақырым электр желісін және 2,9 млрд. теңгеге 87 дана қосалқы станция қайта жаңғыртудан өткізілді (Қазалы ауданы Қожабахы елді мекені, Қазалы қаласы, Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекені, Шиелі ауданы Шиелі кенті, Шиелі ауданы Қодаманов ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда қаласы Айнакөл ауылы).

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 532,6 млн. теңгеге 40,2 шақырым әуе желісі қайта жаңғыртудан өткізілді.

Сонымен қатар, мекеменің өз қаражаты есебінен 336,9 млн. теңгеге 59,5 шақырым электр желілеріне, 97 бірлік қосалқы станцияларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды (күрделі жөндеу – ӘЖ-35кВ – 14,59 км, ӘЖ-10кВ- 10,2 км, ӘЖ-04кВ – 18,56 км, КЛ-0,4 кВ- 0,45 км, ағымдағы жөндеу – ӘЖ-35кВ – 7,85 км, ӘЖ-10 кВ - 3,1 км, ӘЖ-0,4 кВ – 4,7 км).

Сондай-ақ, басқарма тарапынан Шиелі кентіндегі 220 кВ қосалқы станция мен Қызылорда қаласындағы 35 кВ Л-31А, Л-32А әуе желілері қайта жаңғыртудан өткізіліп, тұтынушылар үздіксіз электр энергиясымен қамтамыз етілуде.

Жаңақорған кентінің 10/0,4 кВ электр желілері толығымен қайта жаңғыртылып, кент тұрғындарының пайдалануына берілді.

«Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жобасына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, мердігер анықталды. 2026 жылдан бастап құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қызылорда қаласының басым бөлігін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған «КЕГОК» АҚ теңгеріміндегі 220/35/10 кВ «Қызылорда» қосалқы станциясына (2 дана 40 МВА) қосымша 1 дана 25 МВА күштік трансформатор орнатылды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы 220/35/6 кВ КТЭЦ-6 40 МВА күштік трансформаторы 63 МВА күштік трансформаторына ауыстырылды.

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның қаржылық капиталын ұлғайту арқылы 2025 жылы облыстық бюджеттен 3 млрд. теңге бөлініп, аталған қаржыға қажетті электр қондырғылары мен желілері алынып, құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен орындалуда.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы жалпы ұзындығы 30,2 шақырым 10/0,4кВ электр желілерін қайта жаңғыртылды.

Жалағаш ауданы Таң ауылындағы 35/10 кВ «Таң» қосалқы станциясының 1 МВА күштік трансформаторын 2,5 МВА күштік трансформаторына ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

 

Газдандыру саласы бойынша

Қызылорда облысы аумағында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Қазіргі таңда барлық қалалар 100 пайыз газдандырылған (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр). Газға қосылған ауылдық елді мекендер саны 54 (Жыл соңына дейін Сабалақ елді мекенін газдандыру жобасы аяқталған жағдайда 55-ке жетеді).

2025 жылы газдандыру жобаларына барлығы 17,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржыға 13 жоба жүзеге асырылуда. (республикалық бюджеттен 5,6 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ-нан 8,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен3,1 млрд. теңге)

Жыл басынан бері 8 елді мекен газға қосылып, 16 мыңнан астам тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болды (Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Ақтан батыр, Н.Ілиясов, Шаған, Дүр Оңғар).

2025 жылдың соңына дейін Сабалақ елді мекені газдандырылып, табиғи газға қосылған елді мекендер саны 55-ке, газдандыру деңгейі 83 пайызға жететін болады.

 

Көмірмен қамтамасыз ету бойынша

Облыс бойынша 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 139,3 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: тұрғындар үшін 117,4 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 21,9 мың тонна. Қазіргі таңда, өңірге 98,7 мың тонна көмір жеткізілді (70 пайыз).

Облыс көлемінде 21 өңірлік оператор (6 ЖШС мен 15 кәсіпкер) жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу қашықтығына сәйкес 17 000–26 000 теңге аралығында сатылуда.

Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

 

Ауыз сумен жабдықтау бойынша

Мемлекет басшысы 2025 жылдың аяғына дейін барлық елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту туралы тапсырма берген болатын.

Тапсырманы орындау мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, соған сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 98,6 пайызды құрап, облыс аумағында орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 11 ауылдық елді мекен болатын.

Аталған елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 16,5 млрд. теңге қаржы бағытталды.

Нәтижесінде, Арал ауданы Ақбасты, Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу және Қазалы ауданы Шәкен, Шитүбек, Сарбұлақ, Шилі елді мекендерінде ішкі су жүйелерін салу жобалары аяқталып, сапалы ауыз су берілді.

Сонымен қатар, 2 елді мекенге су тұшытқыш қондырғысы орнатылып (Лесхоз, Бірлік), тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі шешілді.

Қазіргі таңда Арал ауданы Тоқабай және Абай елді мекендерін ауыз сумен қамту жобасы аяқталу үстінде.Бүгінде аталған жоба бойынша магистралдық және ауылішілік су желілерінің құрылысы толық аяқталып, насостық станция құрылғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Тоқабай елді мекеніне тесттік режимде су берілген.

Нәтижесінде, жыл соңында дейін облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100% құрайды деп күтілуде.

 

Жылумен қамту бойынша

2025 жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 12 млрд.теңге қаржы қаралды (республикалық бюджеттен – 1,5 млрд.теңге, Үкімет резервінен – 2,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 7,6 млрд.теңге, Қызылорда жылу электр орталығы кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 364 млн.теңге).

Оның ішінде: Қызылорда жылу электр орталығының

Оңтүстік қазандықтың БОНО ЭНЕРДЖИ маркалы үш бу қазандығына Үкімет резервінен 2,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 1,3 млрд.теңге бөлініп, қайта жаңғыртылды.

Сонымен қатар, Негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеуге – 5,1 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Анықтама ретінде:

Сырдария өзенінің сол жағалауды жылумен жабдықтау (1-кезек) құрылысын аяқтауға - 1,1 млрд. теңге;

Сырдария өзенінің сол жағалауына қуаттылығы 40 МВТ қазандық салу және инженердлік желілерді жүргізу – 2,3 млрд. теңге;

№2 ГТҚ генераторына күрделі жөндеу – 134,3 млн. тенге;

№3 күштік трансформаторды 63 МВА ұлғайту – 825,7 млн. тенге;

Негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу – 414 млн. теңге (№6 және №9 БКЗ-220-100 қазандық агрегаттары, №3 ГТҚ турбинасы, Оңтүстік қазандықтың №1,2,3,4 КЕ-25-14С қазандық анрегаттары, 2 АБМҚ-ға күрделі жөндеу және 18 АБМК-ға ағымдағы жөндеу жұмыстары, «Қазалы темір жол жылу» ЖЭО-да №3 қазандықты күрделі жөндеу).

Жылу желілерін жаңғырту бойынша

Жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 3,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 7,9 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендеді (42% дан 40% дейін).

 

 

Жаңа жылу электр орталығы бойынша

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуатылығы 240 мегаватт электрэнергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны – 215 млрд.теңгені құрайды. Жылу электр орталығы толығымен инвестор «Aksa Energy» түрік компаниясы тарапынан салынуда.

Қазіргі кезде, қуатылығы 176 мегаваттық 2 дана газ турбиналық қондырғылары (General Electric, АҚШ), 95 мегаваттық бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), қуаттылығы120 тонна сағатына құрайтын 2 дана бу қазандығы (AC BOILERS, Италия) мен 150 гигакалория сағатына құрайтын 4 дана жылу қазандығы (Mimsan, Түркия) толық көлемде жеткізіліп, толығымен орнатылды.

Бүгінгі таңда, инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы тарапынан жылу орталығы тесттік режимде іске қосып, 88 мегаватт электр энергиясын өндіру қуатын пайдалануға берді. Жыл соңына дейін қосымша 88 мегаватт қосылып, жалпы қуат 176 мегаваттқа жетеді деп күтілуде.

Келесі жылы бу турбинасы іске қосылып, қосымша 95 мегаватт электр энергиясын шығаратын болады. Инвестициялық шартқа сәйкес станцияның қосылуы 2026 жылдың тамыз айы болып табылады. Алайда, станция уақытынан ерте қосылуда.

Аталған жоба облысты толығымен электр энергиямен қамтамасыз етіп, аймағымызда өндірісті дамытуға үлкен серпін береді.

 

Жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу бойынша

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан құны 800 млрд. теңге құрайтын қуаттылығы 1 100 мегаваттық жаңа бу газ қондырғысын құрылысы жоспарлануда.

Бұл жұмыстарға әкімдік тарапынан 280 гектар жер аумағы бөлініп, қазіргі кезде технико-экономикалық негіздеме әзірленуде.

Станцияны 2029 жылы толығымен іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қоса, жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» 500 кВ жоғары қуаттылы электр желілері салынатын болады. Инвестиция құны шамамен 220 млрд.теңгені құрайды.

 

Жаңартылған энергия көздері бойынша

Қызылорда облысында энергетикалық жүйеге өндірілген электрэнергиясын тұрақты беретін, жиынтық қуаты 88 Мегаватты құрайтын 3 күн электр станциясы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, өңірімізде құны 33 млрд. теңгені құрайтын 120 мегаваттық 3 күн электр станциясының жобасы жүзеге асырылуда.

Анықтама ретінде: Арал ауданында «Альхена» ЖШС 30 МВт қуаттылығы бар күн электр станциясының құрылысын жүргізу жоспарлануда;

Шиелі ауданында «Тесис» ЖШС 40 МВт және «Vigor Holding» ЖШС 50 МВт қуаттылығы бар күн электр станцияларының құрылысы жүргізілуде.

 

Ыстық сумен қамту бойынша

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының өңірімізге жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма берілген болатын. Осыған орай, жалпы құны–26,2 млрд.теңгені құрайтын 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда.

Бірінші кезеңде 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды.

Екінші кезең бойынша: 2025 жылы 237 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін 15,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде (ҚР Үкіметінің резервінен 5 млрд. теңге, Арнайы мемлекеттік қордан 10,2 млрд. теңге).

 

Тұрғын үй саласы бойынша

Өңірімізде биылғы жылы тұрғын үймен қамту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылып, тұрғындардың баспанаға қолжетімділігі артып отыр.

Қазіргі таңда, тұрғын үй кезегінде 55 мыңнан аса адам тіркелген. 2024 жылы аталған кезектегілерден 1 196 отбасы баспанамен қамтылса, биылғы жылы 1 249 отбасы тұрғын үйлі болды.

Апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Өңірімізде сараптама қорытындысымен жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған 66 көппәтерлі тұрғын үй бар (Қызылорда қаласында 63 үй, Сырдария ауданында 2 үй, Жалағаш ауданында 1 үй).

2022-2023 жылдары бұл кезектегілерге 100 пәтер кілті табысталса, 2024 жылы 1,7 млрд. теңгеге 135 пәтер сатып алынып, 2025 жылдың наурыз айында табысталды.

Жоғарыда аталған басқарманың міндеттерін іске асыру үшін:

2026-2028 жылға арналған бюджеттік сұраным «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан республикасы Қаржы министрiнiң 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығы және Қазақстан Республикасы бюджет шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы, бюджеттік шығыстардың экономикалық сыныптамасын басшылыққа ала отырып, болжам көрсеткіштері бойынша есепті кезеңге жасалынды.

  1. Жауапты орындаушы немесе бірлесіп орындаушы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып табылатын, қызметтің күтілетін нәтижелері көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының тізбесін: «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысы, Қызылорда облысының даму жоспарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы, 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы. Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылдың 9 желтоқсанындағы №199 шешімі. Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылдың 12 желтоқсанындағы №233 қаулысы.
  2. Функцияларды, өкілеттіктерді, құзыреттерді іске асыруға жоспарланатын шығыстар көлемдерінің қысқаша сипаттамасын немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары;

      1) Жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарының жалпы сомасы: 144 023 428,2 мың теңге.

Факт 2024 жыл

2025 жылғы есепті кезең

Жоспарлы кезең

Бекітілген

Нақтыланған

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

1

2

3

4

5

6

76232068,1

33301401,0

76 865 638,5

24 252 413,0

 

59 449 293,0

71 095 234,0

     

 2) Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметімен байланыстыра отырып, қызметі туралы мәліметтер мақсаттармен және бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, меншікті құжаттарының нысаналы индикаторларымен:

      Ведомстволар, оның ішінде:

- « Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ

- «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК

- « Қызылорда газ тарату жүйесі» МКК

 

      р/с

Атауы

Дана

бірлік

 

Қаржыландыру механизмі

Өлшем бірлігі

Факт 2024

2025 жылғы есепті кезең

Жоспарлы кезең

 

Бекітілген

Нақтыланған

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

1

2

3

4

 

5

6

7

8

9

10

11

12

Барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Бюджетпен өзара байланысты индикаторлар

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

17 мемлекеттік қызметші

15 техникалық қызметші

 

 

Жергілікті бюджет есебінен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Электр желілерін тозуын азайту

1. Электр желілерінің тозуын азайту

 

     

 

 

 

     %

 

66

 

60

 

60

 

58

 

56

 

54

Мақсаты: әлеуметтік нысандарды газ отынына ауыстыру

2. Халлықтың газбен қамтамасыз

етілуі

 

 

 

     %

78

80

82

85

85

85,3

Мақсаты: Халықты сарқынды суларды  тазартумен қамту

3.Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету

 

 

 

 

 

 

     %

 

100

 

100

 

100

 

100

 

100

 

100

Мақсаты: Жылу желілерінің тозуын азайту

4.Жылумен жабдықтау желілерінің тозуын азайту

 

 

 

     %

42,3

40

40

37

34

32

 

Мақсаты: әлеуметтік осал топтарда кезекте тұрған азаматтардың жағдайын жасау

 5.Азаматтарға жекелеген санаттары бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету, отбасы

 

 

 

Отбасы  саны

 

755

530

860

530

530

530

 

Мақсаты: Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу

6.Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум объектілерінің үлесін төмендету

 

 

 

     %

42,3

40,9

40,9

40

39

38

2.

Ведомствоның атауы:

« Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы»

 

 

Мақсаты: Электр желілерін тозуын азайту

Электр желілерінің тозуын азайту

 

 

 

     %

66

60

60

58

56

54

«Қызылорда жылу электр орталығы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Жылу желілерінің тозуын азайту

Жылумен жабдықтау желілерінің тозуын азайту

 

 

 

     %

42,3

40

40

37

34

32

 

« Қызылорда газ тарату жүйесі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Халлықтың газбен қамтамасыз ету

 

Халлықтың газбен қамтамасыз

ету

 

 

 

     %

78

80

82

85

85

85,3

                                                         

 

 

 

Басқарма басшысының

орынбасары                                            _______________                          Б. Ізмағамбетов

 

Тұрғын үй қатынастары және негізгі қызметті

үйлестіру бөлімінің басшысы                                     _______________   Қ. Кудабекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бюджеттік сұранымды жасау,
ұсыну, қарау қағидаларына
3-қосымша

 

__________________ нысан

 

Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар  паспорттары туралы агрегирленген жиынтық ақпарат

 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды және атауы: 279 «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-і;

Жоспарлыкезең: 2026-2028  жылдар

144 023 428,2 мың теңге

 

Көрсеткіштердіңатауы

Факт 2024 жыл

2025 жылғы есепті кезең

Жоспарлы кезең

Бекітілген

Нақтыланған

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Жоғары тұрған құжаттардан туындайтын нысаналы индикаторға немесе қойылған міндетке қол жеткізу үшін қажеттіліктің жалпы сомасы.

 

 

 

 

 

 

 

Бюджеттікбағдарламаларәкімшісініңшығыстары лимиттерінің жалпы сомасы, оның ішінде:

 

 

76232068,1

 

 

33301401,0

 

 

76 865 638,5

 

 

24 252 413,0

 

 

59 449 293,0

 

 

71 095 234,0

- тұрақтысипаттағышартсызбазалық шығыстар

 

 

76232068,1

 

 

33301401,0

 

 

76 865 638,5

 

 

24 252 413,0

 

 

59 449 293,0

 

 

71 095 234,0

- жаңабастамаларғаарналғаншығыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- макроэкономикалықжәнеәлеуметтіккөрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен құзыреттердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көлемін кеңейту) көздейтін шартсыз базалық шығыстарды ұлғайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңбастамаларына резерв және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін немесе жергілікті атқарушы органның резервін қалыптастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы қажеттілік сомасының жеткізілген лимиттер сомасынан айырмашылығы

0

 

0

 

0

 

0

 

0

 

0

 

Бюджеттік бағдардамалардың жалпы саны, оның ішінде:

 

13

 

9

13

 

7

 

7

 

6

 

- ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

4

4

5

4

4

4

- бюджеттік даму бағдарламалары

9

5

8

3

3

2

Нысаналы индикаторлардың жалпы саны

7

7

7

7

7

6

Түпкілікті нәтижелердің жалпы саны

7

7

7

7

7

6

 

 

Басқарма басшысының

орынбасары                                              _______________                          Б. Ізмағамбетов

 

Тұрғын үй қатынастары және негізгі қызметті

үйлестіру бөлімінің басшысы                               _______________           К. Кудабекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 декабря 2025