Қызылорда облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша

2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

 Облыс бойынша  1468  көппәтерлі тұрғын үйдің 601 күрделі жөндеуді талап етеді. Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 73%-дан (2011 ж.) 40,9%-ға төмендеді.

2025 жылы 14 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 1,5 млрд теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.

 

Апатты үйлердің мәселесі бойынша

2025 жылдың 1 қазанына Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 69 үй көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 66 үй, Сырдария ауданында 2 үй, Жалағаш ауданында 1 үй бар.

Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған көппәтерлі тұрғын үйлер бойынша барлығы 648 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 617 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы, Жалағаш ауданы бойынша                 13 отбасы.

2024 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 1,7 млрд.теңгеге
135 пәтер сатып алынып, 2025 жылды4 наурыз айында табысталды.

 

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы

Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.

Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.

2025 жылдың 1  қазанына  «Отбасы банк» АҚ мен 899 азаматқа ай сайын төлем жасалуда.

 

 

 

 

Дата публикации
15 октября 2025