Қызылорда облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша

2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

 

 

Жаңа жылу электр орталығы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуаты 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығының құрылысы жүргізілуде. Жобаның инвесторы түрік компаниясы – «Акса Энерджи» болып табылады. Жалпы инвестиция көлемі 215 млрд.теңгені құрайды. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан жылу орталығының құрылысына 178 млрд. теңгеден аса инвестиция салынды. Станцияны 2025 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда

Абаттандыру жұмыстары

Ағымдағы жылға облыстық бюджеттен саябақтар мен орталық алаңдарды ағымдағы жөндеуге, аттракциондар паркін қайта жаңғыртуға  7 жобаға 20,7 млрд. теңге және Қызылорда қаласындағы 20 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеуден өткізуге 1,0 млрд. тенге қаржы қаралып, бүгінгі күнге тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары жүзеге асырылуда.

Дата публикации
15 октября 2025