Қызылорда облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша
2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Жылумен қамту бойынша
Жалпы биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 13,5 млрд.теңге қаржы қаралуда (республикалық бюджеттен –5,2 млрд.теңге, Үкімет резервінен – 2,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 5,4 млрд.теңге, ҚЖЭО кәсіпорынныңөз қаржысы есебінен 364 млн.теңге). Оның ішінде:
Қызылорда жылу электр орталығының Оңтүстік қазандықтың БОНО ЭНЕРДЖИ маркалы үш бу қазандығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен 2 млрд. 524 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд. 329 млн.теңге бөлініп, қазандықтар қайта жаңғыртылды.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен
1 генераторды және 1 күштік трансформаторды жаңғырту, 10 бу қазандықтары мен 21 автономды қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жылу желілерін жаңғырту бойынша
Жылу желілерін қайта жаңғырту республикалық бюджеттен 1,4 млрд.теңге және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша 2,2 млрд. теңге бөліп, 7,9 шақырым жылу желілері қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуда.
Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендейтін болады (42% дан 40% дейін).
Ыстық сумен қамту бойынша
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының өңірімізге жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма берілген болатын. Осыған орай, жалпы құны – 26,2 млрд.теңгені құрайтын 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда.
Бірінші кезеңде 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды.
Екінші кезең бойынша 15,2 млрд.теңге қаржыға қалған 237 көпқабатты тұрғын үйлер ыстық сумен қамту жоспарланып отыр.
Осы бағытта, ағымдағы жылы Үкімет резервінен 5 млрд.теңге қаржы бөлініп, Ақмешіт және Мерей мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын толығымен орындау және әлеуметтік шиеленістің алдын алу үшін 12 жоба бойынша қалған 176 КПТҮ-ді ыстық сумен қамтамасыз етуге арнаулы мемлекеттік қордан 10,2 млрд.теңге қаржы бөлінді, құрылыс жұмыстары басталуда.