Қызылорда облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша
2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Газдандыру саласы бойынша
2025 жылғы қазан айына облыс халқын табиғи газбен қамту деңгейі 81 пайызды құрады.
Облыс аумағында барлық қалалар (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы) мен аудан орталықтары (6 аудан орталығы) және 45 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылған.
2025 жылы газдандыру жобаларына республикалық бюджеттен 4,7 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ-8,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінді.Аталған қаржыға 13тжоба жүзеге асырылмақшы.
2025 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 7 жоба, оның ішінде 6 елді мекеннің (Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Ақтан батыр, Н.Ильясов, Жаңақорған АГТС құрылысы) газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газға қосылды.
Осылайша облыстың газбен қамту деңгейін 82 %, газдандырылған елді мекен санын 53-ке жеткізу жоспарлануда.
Көмірмен қамтамасыз ету бойынша
Қызылорда облысы бойынша 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 139,3 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: тұрғындар үшін 117,4 мың тонна, әлеуметтік нысандарға
21,9 мың тонна. Қазіргі таңда, өңірге «Қазақстан темір жолы»АҚ-ның мәліметіне сәйкес 23,4 мың тонна көмір жеткізілді.
Облыс көлемінде 19 өңірлік оператор (6 ЖШС мен 13 кәсіпкер)жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу қашықтықтарына сәйкес 17000 – 26000теңге аралығында сатылуда.
Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.