|
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыруға арналған ФОРМА |
||
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» мәслихат шешімі |
|
2 |
Мемлекеттік орган -әзірлеуші |
«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеуге негіздер (қатысты құқықтық актіге, нөмірі, күніне сілтеме жасау (болған жағдайда) |
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру ережесінің 39-тармағына сәйкес, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесі жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) арқылы 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалады. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында жоба Қызылорда облысында тұрғын үй сертификаттарын алуға құқылы азаматтар санатының тізбесін бекітуді, сондай-ақ сертификаттардың мөлшерін аталған санатқа байланысты айқындауды көздейді. |
|
5 |
Келешектегі нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Тұрғын үй сертификатының мөлшерін және оларды алуға құқығы бар азаматтар санаттарының тізбесін айқындау, сондай-ақ тұрғын үй сертификаттарын қайтарымсыз және төлемсіз негізде беру көзделеді. Бұл шара әлеуметтік осал топтарға жататын халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. |
|
6 |
Жобаны қабылдау жағдайында күтілетін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдарлар |
Ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарнаны ішінара өтеу арқылы әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру көзделеді. Тұрғын үй сертификаттарын беру үшін нақты критерийлерді нормативтік деңгейде бекіту – құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларына азаматтардың сенімі арта түседі. Өңір деңгейінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асырудың әлеуметтік әсері күшейеді. |