2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша

2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

 

Жылумен қамту бойынша

Жалпы биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға                      13,5 млрд.теңге қаржы қаралуда (республикалық бюджеттен –5,2 млрд.теңге, Үкімет резервінен – 2,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 5,4 млрд.теңге,                          ҚЖЭО кәсіпорынныңөз қаржысы есебінен 364 млн.теңге). Оның ішінде:

Қызылорда жылу электр орталығының Оңтүстік қазандықтың БОНО ЭНЕРДЖИ маркалы үш бу қазандығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен 2 млрд. 524 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд. 329 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қызылорда жылу электр орталығында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен
1 генераторды және 1 күштік трансформаторды жаңғырту, 10 бу қазандықтары мен 21 автономды қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, жұмыстар 46 пайызға орындалды.

Жылу желілерін жаңғырту бойынша

Жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 7 млрд. 403 млн.теңге қаржы қаралуда. Бүгінгі күнге жобалар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендейтін болады  (42% дан 40% дейін).

 

Ыстық сумен қамту бойынша

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының өңірімізге жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма берілген болатын. Осыған орай, жалпы құны – 26,2 млрд.теңгені құрайтын 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда.

Бірінші кезеңде 2024 жылы 187 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды.

Екінші кезең бойынша 15,2 млрд.теңге қаржыға қалған  236 көпқабатты тұрғын үйлер ыстық сумен қамту жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы Үкімет резервінен 5 млрд.теңге қаржы бөлініп, Ақмешіт және Мерей мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жұмыстары жүргізілуде.

 

Жаңа жылу электр орталығы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуаты 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығының құрылысы жүргізілуде. Жобаның инвесторы түрік компаниясы – «Акса Энерджи» болып табылады. Жалпы инвестиция көлемі 215 млрд.теңгені құрайды. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан жылу орталығының құрылысына 137 млрд. теңгеден аса инвестиция салынды. Станцияны 2025 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда.

 

Абаттандыру жұмыстары

Ағымдағы жылға облыстық бюджеттен саябақтар мен орталықалаңдарды ағымдағы жөндеуге, аттракциондар паркін қайта жаңғыртуға 9 жобаға 18,4 млрд. теңге және Қызылорда қаласындағы 20 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеуден өткізуге 1,0 млрд. тенге қаржы қаралып, бүгінгі күнге тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары жүзеге асырылуда.

Дата публикации
04 июля 2025