Қызылорда облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша
2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Электр энергетикасы саласы бойынша
2025 жылдың 1 шілдеге өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10491 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2018 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 62% құрайды.
Ағымдағы жылы құны 6 млрд.теңге құрайтын жобаларды іске асырылуда. Атап айтсақ, 3,1 млрд.теңге қаржыға 280 шақырым электр желісін және
2,9 млрд.теңгеге 87 дана қосалқы станциялар қайта жаңғыртудан өткізілетін болады.
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 532,6 млн. теңгеге 40,2 шақырым әуе желісін қайта жаңғыртудан өткізілуде.
Өз қаражаты есебінен 336,9 млн. теңгеге 59,5 шақырым электр желілеріне (күрделі жөндеу – ӘЖ-35кВ – 14,59 км, ӘЖ-10кВ- 10,2 км, ӘЖ-04кВ – 18,56 км, КЛ-0,4 кВ- 0,45 км, ағымдағы жөндеу – ӘЖ-35кВ – 7,85 км, ӘЖ-10 кВ - 3,1 км, ӘЖ-0,4 кВ – 4,7 км), 97 бірлік қосалқы станцияларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (01.05-31.08.2025ж.)
«Шиелі кентіндегі 220/35/10 кВ ҚС қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша қазіргі таңда 35 кВ ашық тарату қондырғысы бойынша атқарылатын жұмыстар толығымен аяқталып, тұтынушыларды электр энергиясына қосу жұмыстары жүргізілуде. 220 кВ ашық тарату қондырғысы бойынша «КЕGOC» АҚ-мен келісім алу жұмыстары жүргізілуде.
«Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электр желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша толығымен аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Тұтынушыларға есептегіш құралдарды қосу жұмыстары жүзеге асырылуда.
«Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жұмыс жобасына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сонымен қатар, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның теңгеріміне 2025 жылы 52 нысан өткізілуі жоспарланып, қазіргі таңда 19 нысан теңгеріміне өткізілді.