«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі боыйнша 2024 жылғы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепке түсіндірме жазба

 Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 2024 жылға 76 232 068,1 мың теңге жоспарланды, игерілген қаржы 76 119 751,7 мың теңге немесе 99,9%,  игерілмегені 112 316,4 мың теңге.
        Оның ішінде, Басқарма арқылы жоспар 48 352 228,6 мың теңге, игерілгені 48 239 912,2 мың тенге (99,8%), трансферт арқылы Қызылорда қаласы мен аудан бюджеттеріне 27 879 839,5 мың теңге аударылды.
Жалпы 13 бюджеттік бағдарлама бойынша жобалар іске асырылды, оның 10 бағдарламасы бойынша (001, 007, 032, 054, 060, 071, 087, 113, 114, 139) тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді. 
001015- «Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасына 200441,6 мың теңге қаржы бөлініп                 200133,7 мың теңгесі (99,85 %) игерілді, 307,9 мың теңге үнемделген қаржы.
Бөлінген қаржы 17 мемлекеттік қызметшілер мен 15 азаматтық қызметшілердің еңбекақыларын, іс сапар шығындарын және басқа да аппарат шығындарын төлеуге жұмсалған. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесімен коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. Нысандарды мемлекеттік тіркеу, төлқұжаттандыру жұмыстары жүргізілді,  «Қызылорда қаласы,Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жобасы бойынша  жер-кадастрлық жоспар дайындалды, Жосалы және Тереңөзек кенттеріндегі АГТС газдандыру нысандарын пайдалану қызметі жасалды.
Ағымдағы жылы газдандыру жобаларына республикалық бюджеттен  3,9 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 2,6 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 24 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржыға жоспарланған 11 елді мекенді (Алмалы, Ақтоған, Бестам, Абай, Төретам, Төменарық, Ақсу, Шәменов, Сейфуллин, Тоқмағанбетов, Сексеуіл) газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, табиғи газға қосылды. 461 шақырым (115%) газ құбыры салынды. Облыстың газбен қамту деңгейін 78 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 46-ға жеткізілді.
2024 жылы 10 электрмен жабдықтау жобалары жүзеге асырылып  (5,7 млрд. тг), 418 шақырым электр желісі мен 73 дана қосалқы станцияны қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізілді. Сонымен қатар, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасын 103,56 шақырым электр желілері қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 66,0%-дан 62%-ға төмендетілді. 
Ауыз сумен қамту бойынша 11 жобаға қаржы бөлінді (2.7 млрд.теңге).  88 шақырым ауыз су және 23 шақырым су бұру желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ауыз желілерінің тозу деңгейі 35 пайызға, су бұру желілерінің тозу деңгейі 32 пайызға төмендеді.
2024-2025 жылғы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 
        12 млрд. теңге қаржы қаралды (РБ – 8,3 млрд.тг., ОБ – 3 млрд.тг., ҚЖЭО кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 566 млн.тг.). Аталған қаржыға Қызылорда жылу электр орталығының «Bono еnergy» маркалы үш бу қазандығын жаңғырту, 2 газотурбиналық қондырғы, 11 қазандыққа күрделі жөндеу және 1 турбина мен 15 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жылу желілерін жаңғырту бойынша 9,3 шақырым жылу желілері жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 3 пайызға төмендеді (45% дан 42% дейін). 
Республикалық бюджеттік кредит есебінен 33 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізілді  (2,1 млрд.теңге, Қызылорда қаласы - 18, Арал ауд – 6,  Жалагаш ауд – 2 , Сырдария – 7 үй).
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда. «Отбасы банк» АҚ- мен 755 азаматқа  ай сайын төлем жасалуда.
Биылғы жылы 187 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.тг қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды. 
Жылу беру маусымы өңірімізде ағымдағы жылдың 10 қазанында басталып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 889 көпқабатты тұрғын үйлер мен 1067 әлеуметтік нысандар (532 - білім, 247 - денсаулық, 288 - мәдениет және спорт) толығымен жылумен қамтамасыз етілуде.
001 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге (100%) қол жеткізілді. 
 
007015- «Жылу-энергетикалық жүйені дамыту» бағдарламасы бойынша 159323,0 мың теңге жоспарланып, 159322,2 мың теңге игерілді, 08 мың теңге қалдық қаржы. 
1 жоба бойынша («ГПП Айтеке-би Л-105 110 кВ әуе желісін жаңғырту») жоба -сметалық құжаттамасы әзірленіп, мем.сараптама қорытындысы алынды.   1 жоба «Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі  220/35/10 кВ "Шиели" ҚС қайта жаңғырту» қоса қаржыландырып, толығымен игерілді.
007032 «Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі  220/35/10 кВ "Шиели" ҚС қайта жаңғырту» жобасы бойынша  БМЗ (блок-модульдік ғимарат), ЗРУ-10 кВ (защитно-распределительное устройство), ОРУ ғимаратына РЗА (релейноая защита автоматики) шкафтары  орнатылды.
007 бюджеттік бағдарлама тікелей және түпкілікті нәтижеге (100%) қол жеткізілді (100%). 
 
032015 -«032 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылы барлығы 4 326 224 мың теңге субсидия бөлінді. «Қазсушар» РМК «Сыр Суы» филиалының суды беру қызметтеріне уақытша өтемдік тарифтің енгізілуіне байланысты бюджетке 182 368 мың теңге кері қайтарылып, жыл соңында барлығы 4 143 856 мың теңге нақты игерілді.
Сонымен бірге, бюджеттік бағдарлама бойынша ауыз сумен арзандатылған тарифпен қамтылған елді мекендер саны 2023 жылы 174 елді мекенді құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 192 елді мекенге жетіп отыр. Елде мекендер санының 18 елді мекенге ұлғаюы 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Талап және Сырдария топтық су құбырларының тарифі бекітіліп, оны субсидиялауға қосумен байланысты. 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін Филиал Талап және Сырдария топтық су құбырларына қосылған 26 елді мекендердің тұрғындарын ауызсумен арзандатылған тарифпен (30, 40 теңге) қамтамасыз етіп келді, алайда бекітілген тарифтің болмауына байланысты тек оқшау су жүйелеріне қосылған 8 елде мекендер бойынша субсидия алып келген. 032 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).
 
038 015- «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша 1853395,5 мың теңге қаржы жоспарланып, 1837597,5 мың теңге игерілді.  2023 жылы басталған жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 3 жоба аяқталды. 6 жоба бойынша магистральді жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Жылумен қамту бойынша 24 жоба-сметалық құжаттаманының  14 сараптама қорытындылары алынды, 7 жоба сараптаманың қаралуында, қалған    3 жоба әзірленуде. 1 жоба «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмысы аяқталмады (теріс сараптама қорытынды алыңған).
Игерілмеген қаржы -15798,0 мың теңге, оның ішінде 1640,0 мың теңге үнемделген, 6374,5 мың теңге 2 жобаның сметалық құжаттамалары дайын болмауынан, 1783,5 мың теңге – 2 жобаның экспертизасы алыңбаған, 6000,0 мың теңге – 6 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурс қорытындысы шықпаған.
038 032- ҚР ҰҚ-нан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 5 997 386,0 мың теңгке жоспарланып, 5 901 919,4 мың теңге игерілді. 84260,4 мың теңге мердігер тарапынан жұмыстардың мерзімінде орындалмауына сәйкес сот органдарына берілді, 11206,2 мың теңге үнемделді. 6 жоба бойынша магистральді жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп,  9,3 шақырым жылу желісі жаңғыртылды. 5 жоба толық аяқталып, 1 жоба аяқталмай 2025 жылға өтпелі болды. 
Атап айтқанда, Қызылорда қаласының ЖТ-13-тен ЖТ-15А-ға дейін магистральді жылу желілерін реконструкциялау - 1,37 км, (1716051,0  мың теңге толығымен игерілді), Қызылорда қаласы Оңтүстік қазандықтан КЦ-1-ге дейін (автобустық парк) магистралдық жылу желілерін реконструкциялау - 0,89 км, (895477,0  мың теңге толығымен игерілді), Қызылорда қаласы, Жанқожа батыр №82,82А, Тайманов №163, Құлтекенов №96 ОМ ОН-55-тен №212,267 тұрғын үйлерге орамаралық жылу желілерін қайта жаңғырту - 2,49 км, 969928 мың тегенің 885667,5 мың теңге игерілді, 84260,5 мың теңге мердігер тарапынан жұмыстардың толық орындалмауына байланысты игерілмеген.
Қызылорда қаласы Амангелді №101,103,109,110,111 және Бөкейхан көшесі №64 тұрғын үйге ТҚ-51 орам аралық жылу желілерін қайта жаңғырту -1,1 км, 426482,0 мың теңге қаржыдан  игерілгені 415276,8 мың теңге, 11205,2 мың теңге үнемделген.  
Қызылорда қаласының ТК-38-ден ТК-40-қа дейінгі магистральді жылу желілерін реконструкциялау - 0,71 км, 733767,0 мың теңге толығымен игерілді.
Қызылорда қаласындағы ТК-32-ден Қорқыт ата көшесі №3, 3А, 5А, 7, 32,  Әйтеке би көшесі №20,24,26Өсербаев көшесі №67, Шымкент көшесі №24, Төлебаев көшесі №20, Абылхайыр хан көшесі №25, Алмағанбетов көшесі  №40, №23 мектеп ғимаратына, №1 емхана және №6 АБМҚ-ға дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау -  2,97 км, 1255681,0 мың теңге игерілді.
038 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге жеткізілмеді (56,1%)
051015–«Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарлама бойынша 1 жобаға (Арал және Қазалы аудандарында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының №13 ВК-дан бастап Әйтеке би кентінің №1 сорғы станциясына дейін магистральдық су таратқышының 2-тармағын салу) қаржы бөлінді, игерілгені 258,0 мың теңге игерілді. Жобаның жалпы құны 43,7  млрд тг , РБ қаржы бөлінбеді. Техникалық қадағалаушы анықталмаған. 
Бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеді.
054 015- «Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер» бағдарламасы бойынша 107983,0 мың теңге қаржы жоспарланып, толық игерілді. 
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында беріледі (1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айрылған жетім балалар; көп балалы отбасылар).
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
2024 жылдың 31 желтоқсанына  «Отбасы банк» АҚ- мен 1639 өтінім қолдау тауып, 755 азаматқа төлем жасалды. 72 азаматпен келісім шарт даындалуда. 
054 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).
060 015- «Ауыл –Ел бесігі»жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік анфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы бойынша 848 905,0 мың теңге қаржы жоспарланып, толық игерілді. Жаңақорған кентінде 57,3 шақырым 10/0,4 кВ электр желісі жүргізілді, 20 дана КТПБ-10/0,4 кВ орнатылды. 
060 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).
065 015- «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасы бойынша 3264752,9 мың теңге қаржы жоспарланып, толық игерілді. 
ҚЖЭО» МКК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға барлығы 2 729 397,3 мың теңге қаржы қаралды. Өндірістік қажеттіліктері  үшін 11 арнайы техникалар сатып алынды. КОГТЭС-тің №3 газотурбиналық қондырғысы мен турбогенераторды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жылуэнергетикалық жабдықтарын қайта жаңарту мен дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді. «2024-2025 жылдарға ОРУ-35 кВ үшін электржабдықтарын сатып алу» жобасы бойынша қаржы игерілмеді, себебі мемлекеттік сатып алу қорытындысы шықпаған.
«ҚЭТТК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға барлығы 535355,6 мың теңге қаржы бөлінді. Қаржы игерілмеген, мемлеттік сатып алу конкурстары жүруде.
065 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеді (33,3%).
 
071011 – «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша  республикалық бюджеттен 9373,0 мың теңге «Қызылорда қаласында АГТС орната отырып "Бейнеу-Шымкент" магистральды газ құбырынан газ құбыры тармағын және жаңа бу-газ қондырғысына дейінгі жеткізуші газ құбырын салу» жобасы бөлінген қаржы толығымен игерілді (100%).
071032 –  ҚР ҰҚ-нан берілетін нысаналы трансферттер есебінен осы жобаға 1047839,0  мың теңге  бөлінді, игерілгені 1047838,0  мың теңге (100%), игерілмеген 1,0 мың теңге. Техникалық қадағалаушы бойынша сот процессінің аяқталмауынан игерілмеген.
071015 – облыстық бюджеттен 14247799,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. 2 жоба бойыынша құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді, оның ішінде «Қызылорда қаласында АГТС орната отырып "Бейнеу-Шымкент" магистральды газ құбырынан газ құбыры тармағын және жаңа бу-газ қондырғысына дейінгі жеткізуші газ құбырын салу» бойынша 43,8 шақырым газ құбыры жүргізілді, «Арал ауданы Қамыстыбас кентінде АГТС орнатумен "Бейнеу - Шымкент" магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысы» жобасы бойынша 5 шақырым ғаз құбыры салынды. 
071 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).
 
087013- «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуіне кредит беру» бағдарламасы бойынша 33 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге 2111297,0 мың теңге қаржы жоспарланып, игерілгені 2111296,1 мың теңге, 0,9 мың теңге үнемделген. 
087 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).
 
113015- «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер» бағдарламасы бойынша 3028814,3 мың теңге қаржы жоспарланып, игерілгені 3 027165,2 мың теңге, 1649,1 мың теңге үнемделген.  
Айтеке Би кентінде 18 пәтерлі  жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру жұмыстары аяқталды, Қызылорда қаласының 112 қөше санитарлық тазалығын қамтамасыз етілді, 20 көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеуден өтті, 10 көп қабатты тұрғын үйлердің балалар ойын алаңдарын күрделі жөндеу, 26 көп қабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру Қызылорда қаласындағы 4 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылдық округі, Тақыркөл ауылында               60 дана жарық бағаналары қойылып, С.Қожанов, М.Мақатаев, Ә.Бектібайұлы, Д.Қонаев, М.Жандарбеков, О.Таңатаров, Ш.Ысқақұлы көшелері  жарықтандырылды.
113 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).
 
114011- «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы бойынша 394 565,0 мың теңге бөлініп, 394 564,3 мың теңңге игерілді, 0,7 мың теңге үнемделді.
Қазалы ауданы, Қазалы қаласының электр желілері мен қондырғыларын қайта жаңғырту жобасы бойынша 10,8 шақырым электр желісі мен 510 темірбетон бағаналар орнатылды. Сонымен қатар, Қожабақы елді мекенінде 408 темірбетондық бағаналар орнатылды.
Сырдария ауданы, Қалжан ахун елді мекенінде 2,3 шақырым электр желісі жүргізілді, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылындана 1 дана трансформаторлық станция мен 3 шақырым электржелісі жүргізілді.
Сырдария ауданы, Амангелді ауылындағы Ж.Құлымбетов, А.Ағайдаров, А. Жанкина көшелері бойында 2,8 км су құбыры жүргізілді.
Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылдық округіндегі жаңа қоныс аумағының 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12  көшелеріне1,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті А.Иманов көшесі бойындағы 5 көп қабатты тұрғын үйлер  аула аумақтарын қайта жаңғырту.
114032 – ҚР  Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен бөлінген 7 515 446,0 мың теңгенің 7 515 263,8 мың теңге игеріліп,   182,2 мың теңге үнемделді.
Жаңақорған ауданының ауылдарында су құбыры желісін салу және су тарату құрылысын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді (өтпелі 3 нысан – Сүттіқұдық, Қожамберді, Жайылма ауылдары).
Қызылорда қаласындаға Универсам және Шымбай ауданындағы 2 км сумен жабдықтау желілері, қала орталығының 7,2кәріз желілері қайта жаңғыртылды. Арал қаласы бойынша 15,5 км кәріздік сыртқы желісі салынды (1-кезең).
        Байқоңыр қаласындағы 7,2 км  кәріз желілері қайта жаңғыртылды. Жаңақорған ауданы, Келінтөбе елді мекенінің 0,9 км су құбыры желілерін қайта жаңғыртылды, 
Сырдария ауданы елді мекендерінің жолақ көшелері бойындағы 4,1 км су құбыры жүргізіліп, көру құдықтары құрылысы аяқталды, Шаған ауылындағы Ғ.Мұратбаев, А.Иманов және А.Иманов жолақ көшелері бойындағы 5,1 км  су құбыры жүргізілді.
Сырдария ауданы, Шаған ауылдық округінің тұрғын аймақтарын электрмен қамту мақсатында 51,9 км эл.желілері мен 21 дана трансформаторлық станция орнатылды.
Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің 1,44 км электр желілерін қайта жаңғыртылды.
Шиелі кентіндегі 22,5 км 10/0,4кВ электр желілері, 8 дана трансформаторлық станция орнатылды.
Қызылорда қаласы 53 км көше жарықтандырылды.
Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентіне 17,8 км,  Жаңақорған ауданы Төменарық елді мекенінің 38,3 км газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарату желілері жүргізілді.
Сырдария ауданы С. Сейфуллин елді мекенінде 3,4 км, Қазалы ауданы Абай елді мекенінде 1,2 км, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү. Түктібаев 3,3 км, Жалағаш ауданының Ақсу елді мекенінде 5,6 км, Шәменов елді мекенінде 5,0 км, Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов елді мекеніне 5,2 км, Шаған елдң мекенінде 8,4 км,  Арал ауданының Шижаға кентінде 1,8 км газ желілерінің құрылысы жүргізілді. Жаңаққорған ауданындағы қолданыстағы "Жаңақорған АГТС-ті жобалау қуаты 20 000 нм3/сағаттан 40 000 нм3/сағатқа дейін кеңейтілді.
 
114015 –облыстық бюджеттен 16 941 014,2 мың теңге бөлініп, 16 932 135,3 мың теңге  игерілді, 8878,9 мың теңге үнемделді. 
Сумен жабдықтау бойынша 7 жоба қоса қаржыландырылды. Қызылорда су жүйесі" ШЖҚ МКК арнайы 7 дана техника сатып алынды.
Газбен қамту бойынша 19 жоба қосақаржыландырылып, Жалағаш ауданы Шәменов е.м. 22 км, Ақсу е.м. 17 км,  Сырдария ауданы, С.Сейфуллин е.м.       14 км, Тоқмағанбетов е.м. 9 км, Шаған е.м.  17 км,  Н. Ілиясов 27 км, Қармақшы ауданының Дүр Оңғар  е.м.  10 км, Қазалы ауданы Ақтан батыр12 км, Арал ауданының Шижаға кентінде 50 км, Шиелі ауданы Ортақшыл ауылдық округі Ортақшыл елді мекеніне 28 км газ құбырының құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев елді мекендеріне газ жеткізу құбырларының құрылысы, Қызылорда қаласы,  Ақжарма ауылдық округіне қарасты Баймұрат батыр, Талдыарал елді мекендері жаңадан газ құбырын жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Тереңөзек кентіндегі №131, Жалағаш кентінде  №123, 246  орта мектеп қазандықтары, Қазалы ауданаралық ауруханасының Басықара, Пірімов, Жалаңтөс батыр, Муратбаев, Шипагер дәрігерлік амбулатория, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ,  Байқоңыр" кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының "Ғарыш-инфрақұрылым" КММ әкімшілік ғимараты, Қазалы аграрлы техникалық колледж ғимаратынының қазаңдықтары газ отынына ауыстырылды. 
Қазалы ауданы, Қазалы қаласының электр желілері мен қондырғыларын қайта жаңғырту жобасы қоса қаржыландырылды. Шиелі ауданы, ауыл шарушарушылығы дақылдарын егудегі №1 учаскені (фазенда) электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілді, 15,6 км электр желісі мен 1 қосалқы станция орнатылды.
Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс, Желтоқсан көшелері мен Абай даңғылына 4,9 км жаяу жүргіншілер жолдары салынды. 
 
Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесін Желтоқсан көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейін және Ы.Жақаев көшесін Әйтеке би көшесінен Қорқыт Ата көшесіне дейін абаттандырылды. Н.Назарбаев даңғылын, Қожа Ахмет Яссауи көшесі бойын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда қаласында 35 көшелерге  24 км, Тасбугет кентінің көшелеріне жаяу жүргіншілер жолдары салынды.
Белкөл кентіндегі Бірлік және Путейцова көшелеріне (1,5 км) көше жарығын  орнатылды.
114 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).
139 000 - «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша   2 жобаға 12 858 876,7 мың теңге бөлініп, игерілгені 12 858 876,6 мың теңге (100%). Оның ішінде,  
2046773,6 мың теңге қаржыға Қызылорда қаласында "Қызылордажылуэлектрорталығы" МКК Оңтүстік қазандығы "BONO ENERGIA" үш бу қазандығын реконструкциялау" жобасы бойынша  құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді. Аяқталу мерзімі 2025 жыл.
10812103,0 мың теңге қаржыға Қызылорда қаласындағы 187 көппәтерлі тұрғын үйлер ыстық сумен қамтамасыз етілді. 
139 бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді (100%).
 
 
 
 
 
 
 
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісі                               ______________          М. Усаин
                      
Бөлім басшысы                                 ______________          К. Кудабекова
                                    

 

Дата публикации
21 февраля 2025