Басқармаға 2025 жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 33 301 401,0 мың теңге. Жоспарланған қаржы көлемі қаңтар айына 1 093 991,0 мың тенге, игерілгені 1 093 970,9 мың теңге, игеру 99,9% құрайды.
Бағдарламалар бойынша игерілуі туралы:
001 - "Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"- 342 030,0 мың теңге жоспар,
содан қаңтар айына жоспардағы 23 902,0 мың теңгенің игерілгені 23 881,9 мың теңге, қалдық 20,1 мың теңге.
007 - "Жылу-энергетикалық жүйені дамыту " 2 136 131,0 мың теңге жоспар, қаңтар айына қаржы қаралмаған.
032 - "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" – 4 607 428,0 мың теңге жоспар,
қаңтар айына қаржы қаралмаған.
038 - "Коммуналдық шаруашылығын дамыту"- 4 454 352,0 мың теңге жоспар, қаңтар айына қаржы қаралмаған.
051 - "Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту"- 3 000 000,0 мың теңге жоспар, қаңтар айына қаржы қаралмаған.
054 - "Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер"- 70 089,0 мың теңге жоспар, содан қаңтар айына жоспардағы 70 089,0 мың теңгесі толық игерілді.
071 - "Газ тасымалдау жүйесін дамыту"- 1 929 363,0 мың теңге жоспар, қаңтар айына қаржы қаралмаған.
113 - "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер" - 30 000,0 мың теңге, қаңтар айына қаржы қаралмаған.
114 - "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері"- 16 732 008,0 мың теңге жоспар, қаңтар айында жоспарланған 1 000 000,0 мың теңгесі толық игерілді.