Басқармаға 2024 жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 76 232 068,1 мың теңге. Игерілгені 76 119 751,7 мың теңге, игеру 99,8% құрайды.
Бағдарламалар бойынша игерілуі туралы:
001 - "Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"- 200 441,6 мың теңге жоспар, содан желтоқсан айына жоспардағы 200 441,6 мың теңгенің игерілгені 200 133,7 мың теңге, қалдық 307,9 мың теңге (үнемделген іс сапар қаржысы).
007 - "Жылу-энергетикалық жүйені дамыту " жоспарланған 1 659 323,0 мың теңгенің желтоқсан айының жоспардағы 1 659 323,0 мың теңгесінің 1 659 322,2 мың теңгесі игеріліп, қалдық 808 теңге.
032 - "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" – 4 143 856,0 мың теңге жоспар, содан желтоқсан айына жоспардағы 4 143 856,0 мың теңгесі толығымен игерілді.
038- "Коммуналдық шаруашылығын дамыту"- жоспарланған 7 850 781,5 мың теңгенің желтоқсан айының жоспардағы 7 850 781,5 мың теңгесінің 7 739 517,0 мың теңгесі игеріліп, қалғаны 111 264,5 мың теңге. Оның ішінде 12 846,1 мың теңге үнемделген қаржы болса, 8 158,0 мың теңгесі 4 ЖСҚ-ның МС шықпауы, 6 000,0 мың теңгесі - 6 жоба бойынша конкурс, 84 260,4 мың теңгесі жұмыстардың толық орындалмауына байланысты қалған қаржылар.
051 - " Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту"-жоспарланған 1000,0 мың теңге жоспар, содан желтоқсан айындағы 258,0 мың теңгесі игеріліп, 742,0 мың теңгесі қалды (РБ қаржы бөлінбеуіне байланысты).
054 -"Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер"- желтоқсан айына жоспарланған 107 983,0 мың теңге толығымен игерілді.
060 - "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту"- 848 905,0 мың теңге жоспар, содан желтоқсан айына жоспардағы 848 905,0 мың теңгесі толығымен игерілді.
065 - "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту"- жоспарланған 3 264 752,9 мың теңге, содан желтоқсан айына жоспардағы 3 264 752,9 мың теңге толығымен игерілді.
071 - "Газ тасымалдау жүйесін дамыту"- жоспарланған 15 305 011,9 мың теңге жоспар, содан желтоқсан айына жоспардағы 15 305 011,9 мың теңгесінің 15 305 010,9 мың теңгесі игеріліп, 1,0 мың теңгесі қалды (техникалық қадағалаушы мердігермен сот процесі жүргізілуде).
087 - "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуіне кредит беру"- жылдық жоспар 2 111 297,0 мың теңге. Содан желтоқсан айына жоспардағы 2 111 297,0 мың теңгесі толық игерілді.
113 - "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер" - жоспар 3 028 814,3 мың теңге, желтоқсан айына қаралған 3 028 814,3 мың теңгесі толық игерілді.
114 - "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері"- жоспар 24 851 025,2 мың теңге, желтоқсан айында жоспарланған 24 851 025,2 мың теңгесі толық игерілді.
139 - "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу "-12 858 876,7 мың теңге жоспар, содан желтоқсан айына жоспардағы 12 858 876,7 мың теңгесі толығымен игерілді.