Азаматтық бюджет қараша 2024

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2024 жылғы қараша  айындағы  бюджет қаражатын игерілу туралы мәлімет

Басқармаға 2024 жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 76 233 687,6  мың теңге.  Жоспарланған қаржы көлемі қараша айына 71 629 032,4 мың тенге, игерілгені 69 673 056,7 мың теңге, игеру 97,3% құрайды. Қалғаны 1 955 975,7 мың теңге. Оның ішінде 44 922,5 мың теңге үнемделген қаржы болса, 1 911 053,2 мың теңгесі орындау актісінің ұсынылмау есебінен  қалған қаржылар.

Бағдарламалар бойынша игерілуі туралы:

001- "Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"- 326 864,7 мың теңге жоспар, содан қараша айына жоспардағы 161 761,7 мың теңгенің игерілгені       161 539,2 мың теңге, қалдық 222,5 мың теңге.

007-  "Жылу-энергетикалық жүйені дамыту " жоспарланған 1 659 323,0 мың теңгенің қараша айының жоспардағы 1 509 323,0 мың теңгесінің 1 476 656,3 мың  теңгесі игеріліп, 32 666,7 мың теңгесі қалды (техникалық қадағалаушы мердігермен сот процесі жүргізілуде).

032- "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" – 4 188 224,0 мың теңге жоспар, содан қараша айына жоспардағы  3 500 000,0 мың теңгесі толығымен игерілді.

038- "Коммуналдық шаруашылығын дамыту"- жоспарланған 8 349 542,9 мың теңгенің қараша айының жоспардағы 7 018 200,0 мың теңгесінің 6 605 889,1 мың теңгесі игеріліп, қалғаны 367 388,3 мың теңге. Оның ішінде 44 922,5 мың теңге үнемделген қаржы болса, 322 465,8 мың теңгесі орындау актісінің ұсынылмау есебінен  қалған қаржылар.

051- " Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту"-жоспарланған 1000,0 мың теңге жоспар,  содан  қараша айына  жоспардағы 258,0 мың теңге игерілді.

054 -"Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер"- қараша айына жоспарланған 107 983,0 мың теңге толығымен игерілді.

060- "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту"- 848 905,0 мың теңге жоспар, содан  қараша айына  жоспардағы 704 672,0 мың теңгесі толығымен игерілді.

065- "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту"- жоспарланған 2 499 744,6 мың теңге, содан қараша айына жоспардағы              2 281 459,0 мың теңге толығымен игерілді.

071-  "Газ тасымалдау жүйесін дамыту"- жоспарланған 15 713 590,5  мың теңге жоспар, содан қараша айына  жоспардағы  15 305 011,9 мың теңгесінің 14 414 322,8 мың теңгесі игеріліп, 890 689,1 мың теңгесі қалды.

 087- "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуіне кредит беру"- жылдық жоспар 2 111 297,0 мың теңге. Содан қараша айына жоспардағы 2 075 951,0 мың теңгесі игеріліп, 35 346,0 мың теңгесі Жалағаш пен Жаңақорған аудандарынан қаулыға сәйкес қайтарылған.

113- "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер" - жоспар 3 041 226.3 мың теңге, қараша айына қаралған 2 926 845,2 мың теңгесі толық игерілді.

114- "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері"- жоспар 24 311 959,7 мың теңге, қараша айында жоспарланған 22 928 194,7 мың теңгесі толық игерілді.

 139 - " Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу ", 13 074 026,9 мың теңге жоспар, содан  қараша айына  жоспардағы 13 074 026,9 мың теңгесінің 12 489 286,4 мың теңгесі игеріліп, 584 740,5 мың теңгесі қалды. Қондырылғылардың мерзімінде жеткізілмеуіне байланысты игерілмеді.

 

Дата публикации
03 декабря 2024