Басқармаға 2024 жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 75 802 113,6 мың теңге. Жоспарланған қаржы көлемі қазан айына 60 900 194,5 мың тенге, игерілгені 57 360 317,5 мың теңге, игерілмеген қаржы 3 539 877,0 мың теңге, игеру 94,2%. Себебі республикалық бюджеттен қаржы түспеген.
Бағдарламалар бойынша игерілуі туралы:
001- "Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"- 321 886,7 мың теңге жоспар, содан қазан айына жоспардағы 147 226,8 мың теңгенің игерілгені 147 120,3 мың теңге, қалдық 106,5 мың теңге.
007- "Жылу-энергетикалық жүйені дамыту " жоспарланған 1 509 323,0 мың теңгенің қазан айының жоспардағы 1 009 323,0 мың теңгесінің 473 623,9 мың теңгесі игеріліп, 535 699,1 мың теңгесі қалды. Қондырылғылардың мерзімінде жеткізілмеуіне байланысты игерілмеді.
032- "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" – 4 326 224,0 мың теңге жоспар, содан қазан айына жоспардағы 3 020 000,0 мың теңгесі толығымен игерілді.
038- "Коммуналдық шаруашылығын дамыту"- жоспарланған 8 486 325,9 мың теңгенің қазан айының жоспардағы 6 565 593,5 мың теңгесінің 6 107 903,2 мың теңгесі игеріліп, 457 690,3 мың теңгесі қалды. Қаржы 31.10.2024ж. аударылды, төлем құжаты Қазынашылық жуйесінде атқарылусыз қалды.
051- " Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту"-жоспарланған 1000,0 мың теңге жоспар, содан қазан айына жоспардағы 258,0 мың теңге игерілді.
054 -"Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер"- қазан айына жоспарланған 70 089,0 мың теңге толығымен игерілді.
060- "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту"- 848 905,0 мың теңге жоспар, содан қазан айына жоспардағы 704 672,0 мың теңгесі толығымен игерілді.
065- "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту"- жоспарланған 1 903 676,8 мың теңге толығымен игерілді.
071- "Газ тасымалдау жүйесін дамыту"- жоспарланған 16 793 648,0 мың теңге жоспар, содан қазан айына жоспардағы 11 530 099,9 мың теңгесінің 11 015 822,4 мың теңгесі игеріліп, 514 277,5 мың теңгесі қалды. Республикалық бюджеттен қаржы түспеген.
087- "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуіне кредит беру"- жылдық жоспар 2 111 297,0 мың теңге. Содан қазан айына жоспардағы 2 111 297,0 мың теңгесі толығымен игерілді.
113- "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер" - жоспар 3 041 900,2 мың теңге, қазан айына қаралған 2 832 607,2 мың теңге толық игерілді.
114- "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері"- жоспар 23 450 594,1 мың теңге, қазан айында жоспарланған 18 340 582,4 мың теңгесінің 17 338 717,4 мың теңгесі игеріліп, 1 001 865,0 мың теңгесі қалды. Республикалық бюджеттен қаржы түспеген.
139 - " Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу ", 13 074 026,9 мың теңге жоспар, содан қазан айына жоспардағы 112 664 026,9 мың теңгесінің 11 634 530,2 мың теңгесі игеріліп, 1 029 496,7 мың теңгесі қалды. Республикалық бюджеттен қаржы түспеген.