Азаматтық бюджет қыркүйек 2024

Басқармаға 2024 жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 75 802 113,6  мың теңге.  Жоспарланған қаржы көлемі қыркүйек айына 51 595 178,1 мың тенге, игерілгені 51 509 932,1 мың теңге, игерілмеген қаржы 85 245,9 мың теңге, игеру 98,8%. Себебі республикалық бюджеттен қаржы түсппеген.

Бағдарламалар бойынша игерілуі туралы:

001- "Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"- 321 886,7 мың теңге жоспар, содан  қыркүйек айына  жоспардағы 132 185,7 мың теңгенің игерілгені 132 184,0 мың теңге, қалдық 1,6 мың теңге.

007-  "Жылу-энергетикалық жүйені дамыту " жоспарланған 1 509 323,0 мың теңгенің қыркүйек айының жоспардағы 509 323,0 мың теңгесінің 446 147,7 мың  теңгесі игеріліп, 63 175, 3 мың теңгесі қалды.

032- "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" – 4 326 224,0 мың теңге жоспар, содан қыркүйек айына жоспардағы  2 590 000,0 мың теңгесі толығымен игерілді.

038- "Коммуналдық шаруашылығын дамыту"- жоспарланған 8 486 325,9 мың теңге жоспар содан тамыз айына жоспардағы  3 528 523,8  мың теңгесі  толығымен игерілді.

051- " Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту"-жоспарланған 1000,0 мың теңге жоспар,  содан  қыркүйек айына  жоспардағы 258,0 мың теңге игерілді.

054 -"Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер"- жоспарланған 70 089,0 мың теңге толығымен игерілді.

060- "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту"- 848 905,0 мың теңге жоспар, содан  қыркүйек айына  жоспардағы 704 672,0 мың теңгесі толығымен игерілді.

065- "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту"- жоспарланған  1 903 676,8  мың теңге толығымен игерілді.

071-  "Газ тасымалдау жүйесін дамыту"- жоспарланған 16 793 648,0  мың теңге жоспар, содан  қыркүйек айына  жоспардағы  9 132 451,4 мың теңгесі толығымен игерілді.

 087- "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуіне кредит беру"- жылдық жоспар 2 111 297,0 мың теңге. Содан қыркүйек айына жоспардағы 2 111 297,0 мың теңгесі толығымен игерілді.

113- "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер" - жоспар 3 041 900,2 мың теңге, қыркүйек айына қаралған 2 571 188,2 мың теңге толық игерілді.

114- "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері"- жоспар 23 450 594,1 мың теңге, қыркүйек айында жоспарланған 15 356 706,0 мың теңгесінің 15 334 637,0 мың теңгесі игеріліп, 22 069,0 мың теңгесі қалды.

139 - " Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу ", 13 074 026,9 мың теңге жоспар, содан  қыркүйек айына  жоспардағы 11 634 530,2 мың теңгесі толығымен игерілді.

Дата публикации
01 октября 2024