Азаматтық бюджет тамыз 2024

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2024 жылғы тамыз  айындағы  бюджет қаражатын игерілу туралы мәлімет

Басқармаға 2024 жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 75 938 896,6  мың теңге.  Жоспарланған қаржы көлемі тамыз айына 44 987 673,3 мың тенге, игерілгені 43 747 571,6 мың теңге, игерілмеген қаржы 1 240 101,7 мың теңге, игеру 97,2%. Себебі республикалық бюджеттен қаржы түсппеген.

Бағдарламалар бойынша игерілуі туралы:

001- "Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"- 321 886,7 мың теңге жоспар, содан  тамыз айына  жоспардағы 121 984,6 мың теңгенің игерілгені 121 847,3 мың теңге, қалдық 137,3 мың теңге.

007-  "Жылу-энергетикалық жүйені дамыту " жоспарланған 1 509 323,0 мың теңгенің тамыз айының жоспардағы 509 323,0 мың теңгесінің 446 147,7 мың  теңгесі игеріліп, 63 175, 3 мың теңгесі қалды.

032- "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" – 4 326 224,0мың теңге жоспар, содан тамыз айына жоспардағы  2 022 000,0 мың теңгесі толығымен игерілді.

038- "Коммуналдық шаруашылығын дамыту"- жоспарланған 8 486 325,9 мың теңге жоспар содан тамыз айына жоспардағы  3 528 523,8  мың теңгесі  толығымен игерілді.

051- " Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту"-жоспарланған 1000,0 мың теңге жоспар,  содан  тамыз айына  жоспардағы 258,0 мың теңге игерілді.

054 -"Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер"- жоспарланған 70 089,0 мың теңге толығымен игерілді.

060- "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту"- 848 905,0 мың теңге жоспар, содан  тамыз айына  жоспардағы 704 672,0 мың теңгесі толығымен игерілді.

065- "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту"- жоспарланған  1 903 676,8  мың теңге толығымен игерілді.

071-  "Газ тасымалдау жүйесін дамыту"- жоспарланған 16 793 648,0  мың теңге жоспар, содан  тамыз айына  жоспардағы  8 382 087,4 мың теңгесі толығымен игерілді.

 087- "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуіне кредит беру"- жылдық жоспар 2 111 297,0 мың теңге. Содан  тамыз айына жоспардағы 1 055 650,0 мың теңге игерілді, қалдық 1 055 647,0 мың теңге. Себебі республикалық бюджеттен қаржы түспеген.

113- "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер" - жоспар 3 041 900,2 мың теңге, тамыз айына қаралған 1 612 273,5 мың теңге толық игерілді.

114- "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері"- жоспар 23 450 594,1 мың теңге, тамыз айында жоспарланған 12 386 958,0 мың теңгесі игерілді, қалдық 121 069,0 мың теңге

139 - " Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу ", 13 074 026,9 мың теңге жоспар, содан  тамыз айына  жоспардағы 11 634 530,2 мың теңгесі толығымен игерілді.

Дата публикации
02 сентября 2024