Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2024 жылғы шілде айындағы бюджет қаражатын игерілу туралы мәлімет
Басқармаға 2024 жылға бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 75 938 896,6 мың теңге. Жоспарланған қаржы көлемі шілде айына 39 666 386,7 мың тенге, игерілгені 37 592 647,79 мың теңге, игерілмеген қаржы 2 073 948,0 мың теңге, игеру 94,8%. Себебі республикалық бюджеттен қаржы түсппеген.
Бағдарламалар бойынша игерілуі туралы:
001- "Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"- 321 886,7 мың теңге жоспар, содан шілде айына жоспардағы 108 114,3 мың теңгенің игерілгені 108 112,7 мың теңге, қалдық 1,6 мың теңге.
007- "Жылу-энергетикалық жүйені дамыту " жоспарланған 1 509 323,0 мың теңгенің шілде айының жоспардағы 446 149,0 мың теңгесінің 446 147,7 мың теңгесі игеріліп, 1,3 мың теңгесі қалды.
032- "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" – 1 500 000,0 мың теңге жоспар, содан шілде айына жоспардағы 436 826,0 мың теңгесінің 436 825,5 игеріліп, 0,5 мың теңгесі қалды.
038- "Коммуналдық шаруашылығын дамыту"- жоспарланған 8 486 325,9 мың теңге жоспар содан шілде айына жоспардағы 2 552 194,5 мың теңгесі толығымен игерілді.
051- " Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту"-жоспарланған 1000,0 мың теңге жоспар, содан шілде айына жоспардағы 258,0 мың теңге игерілді.
054 -"Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер"- жоспарланған 70 089,0 мың теңге толығымен игерілді.
060- "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту"- 848 905,0 мың теңге жоспар, содан шілде айына жоспардағы 554 672,0 мың теңгесі толығымен игерілді.
065- "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту"- жоспарланған 1903676,8 мың теңге толығымен игерілді.
071- "Газ тасымалдау жүйесін дамыту"- жоспарланған 16 793 648,0 мың теңге жоспар, содан шілде айына жоспардағы 7 821 187,4 мың теңгесі толығымен игерілді.
087- "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуіне кредит беру"- жылдық жоспар 2 111 297,0 мың теңге. Содан шілде айына жоспардағы 2 073 945,0 мың теңге игерілмеді, себебі республикалық бюджеттен қаржы түспеген.
113- "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер" - жоспар 3 041 900,2 мың теңге, шілде айына қаралған 1 457 273,5 мың теңге толық игерілді.
114- "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері"- жоспар 23 450 594,1 мың теңге, шілде айында жоспарланған 9 542 297,0 мың теңгесі толықтай игерілді.
139 - " Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу ", 13 074 026,9 мың теңге жоспар, содан шілде айына жоспардағы 11 634 530,2 мың теңгесі толығымен игерілді.