Өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін және басқа нормативтік-құқықтық актілерді, басқарма басшысының бұйрықтарын орындайды.
Басқарманың құзырына кіретін мәселелеріне сәйкес нормативтік-құқықтық актілер әзірлейді.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес облыстық бюджетті бекіту және нақтылау кезінде облыстық бюджеттік комиссия отырысына мәселелер әзірлейді.
Бюджеттік өтінімдерді құру және ұсыну Ережесіне сәйкес бюджеттік өтінім даярлайды.
Республикалық, облыстық бюджеттердің нақтылануына байланысты, «бюджеттік бағдарламалар» әзірлейді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.