Сұйытылған мұнай газын 2021 жылдың тамыз айына беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысында 8 000 тоннасы мақұлданды. Оның ішінде: электродық сауда алаңдары арқылы 4 400 тонна немесе 55%, электрондық сауда алаңдарынан тыс 3 600 тонна.
Өңірдің газ желісі ұйымдары қуаттылығының жалпы көлемі 2021 жылға тамыз айының қалыптастыруына 9 744 м3.
Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу көлемін қоспағанда, өңірдің газ желісі ұйымдарының өткен күнтізбелік үш айдағы жалпы тұтыну көлемі 2021 жылға тамыз айының қалыптастыруға 23 307 тоннаны құрады.
Тұрмыстық баллондарға сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымы бар өңірдің газ желісі ұйымдарының жиынтық саны 4 мекеме.