Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Электр энергетикасы саласы бойынша
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 608 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2058 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 60% құрайды.
2025 жылы 6 электрмен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 6 млрд.теңге бөлініп, 280 шақырым электр желісі және 87 дана қосалқы станция қайта жаңғыртудан өткізілді (Қазалы ауданы Қожабахы елді мекені, Қазалы қаласы, Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекені, Шиелі ауданы Шиелі кенті, Шиелі ауданы Қодаманов ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда қаласы Айнакөл ауылы).
2026 жылы жалпы құны 3,1 млрд. теңге құрайтын 9 жобамен 240 шақырым әуе желісі және 52 қосалқы станцияны қайта жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде тозу деңгейін 60 пайыздан 59 пайызға төмендетілу көзделуде.
Сонымен бірге, келесідей жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
СПМК-70, Арай, Сәлет, Саяхат мөлтек аудандарын қамтыйтын 35 кВ
Л-33,34 әуе желісінің 2,5 шақырымын кабельдік желіге ауыстыру.
Сабалақ, Наурыз, Махамбет, Ақсуат елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 35/10 кВ "Жаңаарық" қосалқы станциясын қайта жаңғырту.
Тасбөгет кенті, Бесарық, Амангелді, Жетікөл, Айдарлы, Жамбыл, Махамбетов ауылдарын, Ақсуат ауылдық елді мекенінің орталығын қамтамасыз ететін 30,6 шақырым 35 кВ Л-51, 52, 55, 56 әуе желілерін қайта жаңғыртудан өткізу.
Бүгінгі күні «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 40 МВт-тық жылу қазандығының құрылысы. Сыртқы желілер» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
2026-2027 жылдардың бюджеттін нақтылауға «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ГПП Л-105 ВЛ-110 кВ реконструкциялау», «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» және «Қызылорда облысы, Шиелі кентіндегі 220/35/10 кВ «Шиелі» ҚС қайта жаңғырту» жобаларын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.