Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Апатты үйлердің мәселесі бойынша

Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған                        69 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 63 үй, Сырдария ауданында 2 үй, Жалағаш ауданында 1 үй, Қармақшы ауданында 3 үй. Тұрғын үй кезегінде жалғыз баспанасы апатты деп танылған 700 тұрғын тіркелген. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 669, Сырдария ауданында 18, Жалағаш ауданында 13 отбасы.

2025 жылы облыстық бюджет есебінен сатып алынған 135 пәтер табысталып, апатты жағдайдағы 3 үй бұзылды.

2026 жылы Қызылорда қаласында жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаралды.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Қызылорда облысында 1505 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 601 күрделі жөндеуді талап етеді (40%). (2011 жылдан  73%-дан 40%-ға төмендеді).

2024 жылы республикалық бюджеттік кредит есебінен 33 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді (2,1 млрд.теңге), оның ішінде Қызылорда қаласы - 18, Арал ауд. – 6,  Жалагаш ауд. – 2 , Сырдария – 7 үй.  2025 жылы 14 үйді күрделі жөндеуден өткізу 1,4 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды, алайда қаржы бөлінбеді.

Бұдан бөлек, 17 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 2,5 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы

Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.

Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.

2026 жылы жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдердер жүргізуге облыстық бюджеттен 73944,0 мың теңге. «Отбасы банк» АҚ- мен ай сайын 800 ден астам азаматқа төлем жасалуда.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде

2026 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 61 мыңнан аса адам тіркелген.  2025 жылдың 24 мамырынан бастап кезектілік жүйесін үйлестіру функциясы «Отбасы Банк» АҚ-на жүктелді. 2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысының әкімдігімен Банкке 962 пәтер кезекте тұрғандарға бөлу үшін тапсырылды, оның 805 (84%) таратылды.

Жалпы 2025 жылы 1602 отбасы, 2026 жылы 202 отбасы  тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Дата публикации
02 июля 2026