2026 жылдың 3 айлық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы аясында басқармада келесi жұмыстар жүргiзiлді.
Барлық мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке түскен кезде құқықтары менмiндеттерi, олар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерi түсiндiрiлді. Заңмен бекiтiлген мерзiмде Басқарма қызметкерлерi салық органына жыл сайынғы жеке табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырады.
Басқармада құқықтық жалпыға мiндеттi оқуда тұрақты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң Әдеп кодексi және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша оқулар жүргiзiлді. Басқармамен 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 Қазақстан Республикасының әкімшілдік рәсімдік – процестік Кодексі сақталып, сондай – ақ жеке заңды тұлғаларды жеке қабылдау мәселесі ерекше бақылауға алынды. 2026 жылдың қаңтар айынана бастап наурыз айына дейін «Е – өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 103 өтініш, оның ішінде 62-арыз, 7-шағым, 10-ұсыныс, 24-басқасы (сұрау салу, үн қосу,хабар) келіп түсті. Барлық өтініштерге мерзімінде сапалы жауап берілді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында басқарма басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған.
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылды.
Басқарма қызметшілері тарапынан қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі барлық қызметшілерге ескертілген. Есепті мерзімде қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат веб-порталда тұрақты түрде орналастырылып, ақпарттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Облыс әкімдігінің бекітілген кестесіне сәйкес 2026 жылы маусым айында Басқармада ішкі талдау жұмыстары маусым айында жүргізіледі.
Талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жағдайда, оған сәйкес іс-шаралар жоспары бекітіледі.
Жалпы, Ішкі талдау рәсімдері белгіленген үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі, ол бойынша тыңдау өткізіліп, қажетті құжаттардың барлығы ресми интернет-ресурста жарияланады.
Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда болып, іс – шаралар жалғастырыла береді.