
Басқарманың құзырына кіретін мәселелеріне сәйкес нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық, облыстық бюджетті бекіту және нақтылау кезінде бюджеттік комиссия отырысына мәселелер әзірлейді;
бөлімнің қызметіне жалпы басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауап береді;
облыс елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету саласында жұмыстарды ұйымдастыру және осы мақсаттарға бөлінген қаржының мақсатты игерілуін қамтамасыз етеді;
инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар әзірлейді;
нысаналы трансферттер арқылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыларға Министрліктер мен облыс әкімі арасында келісім дайындайды;
Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. 222 ауылдық елді мекеннің 207-і немесе халық санымен алғанда 98,6 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалған 15 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.Жол картасы аясында 4 елді мекенді топтық су құбырына қосу, 11 елді мекенді қазіргі жағдайда қалдыру жоспарланған.Жоспарға сәйкес 11 елді мекенді қазіргі жағдайда қалдыру бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті құжаттар ұсынылды.Қалған 4 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамту жобалары республикалық бюджеттен және арнаулы мемлекеттік қордан қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуда (Арал ауданы-Ерімбетжаға, Тастүбек, Абай, Тоқабай).2025 жылы 2 елді мекенге су тұщытқыш қондырғысы (КБМ)орнатылып (Қазалы ауданы Бірлік, Шиелі ауданы Лесхоз), 4 елді мекенде ішкі су жүйелерінің құрылыс жүргізіліп (Қазал ауданы - Шәкен, Шилі, Шитүбек, Сарбұлақ), 1 елді мекен топтық су құбырына қосылды (Арал ауданы - Ақбасты).Нәтижесінде, ағымдағы жылы 81,1 шақырым су құбыры салынып, Мемлекет басшысының халықты 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту тапсырмасы толық орындалатын болады.
Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғындарын ауыз сумен қамтуда. Жалпы ұзындығы 238 шақырымды құрайтын топтық су құбыры 1986 жылы пайдалануға беріліп, қазіргі таңда 80% тозығы жеткен. Салдарынан су қысымына төтеп бере алмай апатты жағдайлар мен ажыратулар жиі орын алуда. Осы ретте, су құбыры екі ауданды ауыз сумен қамтитын жалғыз су көзі екендігін ескере келе, құбырдың екінші тармағын салу қажеттігі туындап, 2022 жылы облыс әкімдігі тарапынан топтық су құбырының 2-тармағын салу бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаның құны 43,7 млрд. теңгені құрайды. 2025 жылы құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 5,5 млрд.теңге бөлініп, 23 шақырым су құбыры жаңғыртылды. Жобаның құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 2026 жылға 20 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.
Бүгінгі таңда сол жағалауды «Торанғылсай» жер асты су кен орны арқылы ауыз сумен қамту мақсатында жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды.
Алайда, сараптама тарапынан бірқатар ескертпелер беріліп, қарау мерзімі созылуда.
Осы ретте, сол жағалауды «Эдельвейс» тұрғын ауданы маңынан 5 ұңғыма бұрғылау арқылы шешу ұсынылады.
5 ұңғыма сағатына 40 м3 ауыз су берген жағдайда, ауыз су беру көлемі тәулігіне 4800 м3 құрайды. Қазіргі таңда сол жағалаудың су тұтыну көлемі тәулігіне 3000 м3.
Жобаның болжамды құны – 1,2 млрд.тг.