
Басқарманың құзырына кіретін мәселелеріне сәйкес нормативтік құқықтық актілер әзірлейді.
Қауіпті техникалық кұрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асыруды бақылайды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік керсетілетін қызметтерді алушылардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етуді бақылайды.
Қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы ұйымдардың енеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстары мен техникалық кұрылғыларын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландырудың уақытылы жүргізілуін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын қауіпті өндірістік объектілер мен ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге дайындығын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.