Департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Д.Манатқызы "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ-да жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында жұмыскерлерге еңбек қатынастары мәселелері бойынша еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек заңнамасының талаптарына түсіндірме берді.
Ұжымдық шарт — жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасындағы өзара түсіністік, сенім және ынтымақтастықтың берік негізі.
Департамент басшысы Б. Жұмағұлов «Qyzylorda» телеарнасына ұжымдық шарттың маңызы туралы сұхбат берді.
Толығырақ: https://www.facebook.com/share/v/1CB4W7uj2r/
Департаменттің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы М.Суйеубаев Қызылорда облысының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕАБЖ) бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еңбек шарттарын жасасу, оларға өзгерістер енгізу және еңбек шартын тоқтату туралы мәліметтерді жүйеге уақытылы енгізудің маңыздылығы түсіндірілді.
Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырылуы тиіс екенін білесіз бе?
Кез келген өндірісте, құрылыс алаңында немесе басқа да жұмыс орындарында белгілі бір қауіп-қатерлер болады. Сондықтан уақтылы өткізілетін нұсқама – жай ғана формалдылық емес, жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды шарасы.
❗ Жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес жұмыс беруші:
✅ Нұсқама беру және оқытуды жүргізуге – жұмыскерлерге еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау қағидаларын түсіндіруге және олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге;
✅ Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге – кәсіптік тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алу мен төмендету жөнінде шаралар қабылдауға;
✅ Қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге – жұмыскерлерді белгіленген нормаларға сәйкес арнайы киіммен, аяқкиіммен және қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге;
✅ Қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауға – белгіленген қағидалардың орындалуын қадағалауға және анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
✅ Медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыруға – заңнамада көзделген жағдайларда өз қаражаты есебінен медициналық қарап-тексерулер өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
⚠ Білу маңызды!
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қажетті оқытудан және білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.
Сонымен қатар, жұмыскердің өзі де белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға, қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалануға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы уақтылы хабарлауға міндетті.
Нұсқаманы тек формалды түрде өткізу қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Әрбір жұмыскер ықтимал қауіп-қатерлерді түсініп, қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі маңызды.
Есіңізде болсын: жазатайым оқиғаның салдарын жойғаннан гөрі, оның алдын алған әлдеқайда маңызды.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – жұмыс берушінің міндеті және әрбір жұмыскердің құқығы!
#ЕңбектіҚорғау #ЕңбекҚауіпсіздігі #ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #МЕИК
Қазақстанда шамамен 4,8 миллион үй шаруашылығы C, D және E санаттарына жатады. Жаңа қажеттілікті бағалау тәртібіне көшкен кезде бұл отбасылардың тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды алуға заңмен бекітілген құқығы толық сақталады. Бұл туралы Еңбек министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде ресми түрде мәлімделді.
Атап айтқанда, жағдайы саламаттылық деңгейі қанағаттанарлық C санатына шамамен 3,2 миллион отбасы кіреді. Экономикалық тұрғыдан осал D санатында 1,4 миллионға жуық үй шаруашылығы бар. Ал экономикалық және әлеуметтік жағынан осал E санатына 128 мың отбасы жатады.
Мұндай отбасылар жұмыс табу, баспана мәселесін шешу және жақындарын өз күшімен қамтамасыз ету кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Әр жәрдемақыны тағайындау үшін заңда белгіленген талаптар бұрынғыдай сақталады. C, D немесе E санатына жататын отбасылар кез келген жәрдемақыны автоматты түрде ала алмайды. Әр жәрдемақы заңда белгіленген талаптарға сай тағайындалады. Бірақ бұл санаттағы отбасыларға әл-ауқаты жоғары деген себеппен көмек беруден негізсіз бас тартылмайды.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бала тууға және оның күтіміне байланысты берілетін жекелеген бюджеттік жәрдемақыларды тағайындау шарттары отбасының сол кездегі әл-ауқат санатына қарай айқындалады. Бұл ретте Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер мен бюджеттен берілетін жәрдемақылардың құқықтық негіздері әртүрлі екенін ескеру қажет.
Атап айтқанда, бала тууына байланысты берілетін біржолғы бюджет жәрдемақысы C, D және E санатындағы отбасыларға тағайындалады. Ал жұмыс істемейтін аналарға баласы бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты бюджет жәрдемақысы мұқтаждық өлшемшартына сәйкес беріледі. А және В санатындағы, яғни әл-ауқаты жоғары отбасыларға аталған бюджеттік төлемдер заңнамада көзделмеген.
Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы төленетін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем отбасының әл-ауқат санатына қарамастан, заңда белгіленген талаптар сақталып, төлем алуға құқығы болған жағдайда толық көлемде төленеді. Ұсынылған материалдарға сәйкес, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кемінде екі жыл қатысқаны расталған әйелдерге МӘСҚ-дан төленетін бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем де отбасының санатына қарамастан толық көлемде беріледі.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Бүгінде Қазақстандағы 6,2 миллион отбасы мен үй шаруашылығы туралы өзекті әрі жан-жақты мәлімет Отбасының цифрлық картасында жинақталған. Отбасының әлеуметтік жағдайын объективті әрі дәл бағалау үшін 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйенің деректері пайдаланылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Отбасының әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтау әдістемесі екі негізгі бағытты кешенді бағалауды көздейді. Олар – материалдық жағдайы мен жалпы әлеуметтік тұрақтылығы.
Материалдық әл-ауқатты бағалау алты сала бойынша 59 көрсеткішті қамтиды. Атап айтқанда, азаматтардың қаржылық жағдайы, жұмыспен қамтылуы, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі, көлік құралдары, кәсіпкерлік қызметі, ауыл шаруашылығы активтері, сондай-ақ қолданыстағы кредиттік міндеттемелері ескеріледі.
Қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден тікелей алынады. Осы деректердің жиынтығы негізінде еліміздегі барлық үй шаруашылықтары А-дан Е-ге дейінгі бес санатқа бөлінеді. Бұл санаттар тек заңнамада мұқтаждық өлшемшарты белгіленген төлемдерді тағайындау кезінде ғана ескеріледі.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін тағайындау тәртібі өзгереді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап төлемнің 14 түрін тағайындау кезінде отбасының әлеуметтік жағдайы кешенді бағаланады. Жаңа тәсілдің мәні мен өзгерістері туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндірді.
Бұған дейін бірқатар жәрдемақы адамның белгілі бір әлеуметтік санатқа жатуына қарай тағайындалса, енді заңда белгіленген төлемдер бойынша отбасының жалпы әл-ауқаты да ескеріледі. Бұл ретте отбасының әлеуметтік жағдайы объективті көрсеткіштер негізінде бағаланады.
Жаңа тәртіпке сәйкес, А және В санаттарына жатқызылған отбасыларға жәрдемақының жекелеген түрлерін тағайындау шарттары қайта қаралады. Ал С, D және Е санаттарындағы отбасылар заңнамада көзделген талаптарды сақтаған жағдайда мемлекеттік қолдау алу құқығын толық сақтайды.
Сонымен қатар өзгерістер әлеуметтік көмектің барлық түріне бірдей қатысты емес. Бюджеттен төленетін 36 түрлі жәрдемақының 22-сі бұрынғы тәртіппен тағайындала береді. Оларды алу кезінде отбасының жалпы материалдық жағдайы мен әлеуметтік әл-ауқаты ескерілмейді.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Әрбір жұмыскердің жалақысын уақтылы алуға, қауіпсіз еңбек жағдайларына және еңбек құқықтарының сақталуына құқығы бар.
Алайда іс жүзінде жұмыс берушінің жалақыны кешіктіруі, тиесілі төлемдерді төлемеуі, еңбек шартының талаптарын бұзуы немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтамауы сияқты жағдайлар кездеседі.
Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, не істеу керек?
📌 1-қадам. Өтініш беріңіз
Жұмыскер жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық департаментіне, оның ішінде e-Otinish порталы арқылы өтініш бере алады.
📌 2-қадам. Өтінішті қарау
Мемлекеттік еңбек инспекторлары өтініште көрсетілген мән-жайларды зерделейді, ұсынылған құжаттарды талдайды және заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда жұмыс берушіге тексеру жүргізеді.
📌 3-қадам. Тиісті шаралар қабылдау
Егер заңбұзушылықтар расталса, мемлекеттік еңбек инспекторы өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды. Атап айтқанда, жұмыс берушіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілуі, ал кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
📌 4-қадам. Орындалуын бақылау
Еңбек инспекциясының жұмысы заңбұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмейді. Мемлекеттік еңбек инспекторлары берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және жұмыскерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.
Біздің міндетіміз – заңбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, жұмыскерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге ықпал ету.
Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, бұл жағдайды назардан тыс қалдырмаңыз. Мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгініңіз.
#ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #ЖұмыскерлердіңҚұқықтарынҚорғау #ЕңбекЗаңнамасы #МЕИК
«Еңбек заңнамасы – кәсіподақ қызметінің негізі» тақырыбында оқу семинары өткізілді. Семинарға Департамент басшысының орынбасары Б. Досымов қатысып, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, кәсіподақтардың еңбек қатынастарындағы рөлі және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.