Меню

Страницы

Статья

Сынақ мерзімі туралы

ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге құқығы бар.Сынақ мерзімі еңбек шартын жасасқанда күнтізбелік күндермен немесе айлармен белгіленеді және еңбек шарты қолданысқа енгізілген күннен басталады. Сынақ мерзімі тараптардың келісімімен жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленеді.Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезінде сынақ мерзімі белгіленбейді.

Сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады және үш айдан аспауға тиіс.

Сынақ мерзімі еңбек шартының қолдану мерзіміне қарамастан кез келген үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Сынақ мерзімі алты айға дейін жұмыскерлердің тек белгілі бір санатына белгіленуі мүмкін. Мысалға, ұйымдардың басшыларына және олардың орынбасарларына, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарларына, филиалдар, ұйымдар өкілдіктерінің басшыларына алты айға дейін сынақ мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Сонымен бірге, жұмыс беруші бұрын белгіленген сынақ мерзімінің ұзақтығын қысқартуға құқылы.

Сынақ мерзімінен өту кезеңінде жұмыскерге еңбек заңнамасы қолданылады және сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады.

Жұмыскер жұмыста нақты болмаған кезеңге сынақ мерзімі тоқтатыла тұрады.

Яғни, уақытша еңбекке қабілетсіз болған кезде, оның ішінде жүктілікке және босануға байланысты демалыста болған кезде, оқу демалысында болған кезде, ақы төленетін еңбек демалысында болған кезде және т.б. жағдайларда сынақ мерзімі тоқтатыла тұрады, одан кейін мерзімі аяқталғанға дейін жалғасады.

Қызылорда облысының еңбек

саласындағы бақылау басқармасының

бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы

C.Исламов
Дата публикации
26 марта 2021
Дата обновления
26 марта 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы