Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен
2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ.
2026 жылдың наурыз айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген 87 тексеру нәтижесімен 125 бұзушылық анықталып, 73 нұсқама берілді.
Анықтама ретінде. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде жүргізілген 63 тексеру нәтижесімен 79 бұзушылық анықталып, 55 нұсқама берілді.
Жүргізілген тексерулер нәтижесімен еңбек заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 13 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, жалпы сомасы 3,5 млн.теңге айыппұл салынған.
Анықтама ретінде. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 13 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 2,9 млн.теңге айыппұл салу жазасы қолданылған.
Жалпы, мемлекеттік еңбек инспекторларымен 217 жұмыскерлердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ.
Бақылау субъектілері мен объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес (жоспар – 17 мекеме), қазіргі таңда субъектілерге бару арқылы 10 кәсіпорын профилактикалық бақылаумен қамтылды.
ӨТІНІШТЕРМЕН ЖҰМЫС.
Есепті мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторларының қарауына жеке және заңды тұлғалардан 566 өтініш түсіп, заңдылықтарға сәйкес қаралды.
Оның ішінде, 62 (14,2%) қанағаттандырылған, 123-і (28,2%) қарау реттілігімен басқа органға жолданса, 251 (57,5%) өтінішке заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілген. Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ.
Анықтама ретінде. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде жеке және заңды тұлғалардан 305 өтініш түсіп, қаралған.
ЖАЛАҚЫҒА ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ.
Қазіргі таңда облыс бойынша кәсіпорындарда ағымдағы және ұзақ мерзімді жалақыға қарыз мәселесі жоқ.
ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНДАҒЫ АХУАЛ.
Облыс аумағында 3 кәсіпорында («ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ, «Саутс-Ойл» ЖШС, «Қазгермұнай» БК» ЖШС) еңбек шиеленістерінің туындау қаупі болуына байланысты мониторингке алынды.
Наразылықтың негізгі себебі – жалақыны көбейту. Қазіргі таңда компания басшылығы тарапынан жұмыскерлер талаптары орындалды. Ахуал тұрақты бақылауда.
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫ ЦИФРЛАНДЫРУ.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында 21 ұжымдық шарт енгізіліп (2026 ж. наурыз айына жоспар – 10), жоспар 210%-ға орындалды.
ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЖҮЙЕСІ.
2026 жылдың 1 сәуіріне облыста Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне 7 645 кәсіпорындағы (87%) 137 318 жұмыскердің (93%) еңбек шарттары енгізілген.
Оның ішінде, 314 шетел жұмыс күшін тарту бойынша рұқсат берілген (40 кәсіпорын). Шетелдік жұмыскерлердің еңбек шарттары толық 100% жүйеге енгізілген.
ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУ.
Ү.ж. қаңтар-наурыз айларында 20 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, 11 жазатайым оқиға еңбек қызметімен байланысты деп танылды (о.і 1 топтық жазатайым оқиға), 18 адам зардап шеккен (ауыр жарақат алғандар – 11, жеңіл жарақат алғандар - 7). Еңбек қызметімен байланысты емес жазатайым оқиғалар саны – 9 (қайтыс болғандар – 6, ауыр жарақат алғандар - 3).
Кәсіби тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында жоспарға сәйкес 8 кәсіпорын («ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС магистральдық желі бөлімшесі, «Арал Газ» ЖШС, «СКЗ-Ю» ЖШС, «ОрдаСтройСервис» ЖШС, Каспий Петролеум ЖШС, КАР Logistics ЖШС-нің Шиелі-Сұңқар ЖШС филиалы, СНПС Ай-Дан Мұнай АҚ, «CNLC International Kazakhstan Ink» ЖШС-нің Қызылорда филиалы) бағалау жүргізді.
«Нөлдік жарақаттану – Vizion Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесімен 40 кәсіпорын аталған тұжырымдамаға қосылды.
Жыл басынан бері облыста мемлекеттік мекемелерді қоспағанда (2873) жұмыс беруші немесе белсенді кәсіпорындардың 70,5% жұмыскерлерін жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасты.
ЕҢБЕК ТӘУЕКЕЛДЕРІ КАРТАСЫ.
2026 жылдың 1 сәуіріне облыс бойынша 2998 кәсіпорын мониторингке алынып, оның 66-сы жоғары және 127-і орта болжамды тәуекелі бар мекеме мен ұйымдар болды.
Кәсіпорындардың 95 пайызында жоғары тәуекел тобында болуының негізгі себептері міндетті төлемдердің мерзімінде жүргізілмеуі.
Жыл басынан бері әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үш жақты комиссияның 18 отырысы (облыстық – 3, қалалық және аудандық деңгейде - 15) өткізілді.
Комиссияда міндетті төлемдерді мерзімінде жүргізу, жұмыс орындарын қысқартпау және т.б. мәселелер бойынша қаралып, 78 кәсіпорынның еңбек ахуалы тыңдалды.
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен ү.ж. қаңтар-наурыз айларында 185 азамат қабылданып, еңбек заңнамасына қатысты кеңес алды.
27.01.2026 жылы Өңірлік коммуникация орталығында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг, 10.02.2026 жылы «AMANAT» партиясының филиалында қоғамдық қабылдау, 20.02.2026ж. облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн» бағдарламасында сұқбат, 24.02.2026ж. «Qyzylorda» телеарнасының жаңалықтар топтамасында сұқбат, облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт апталығы», «Ақмешіт жастары», «Kyzylorda News.kz» ақпарат агенттігіне мақалалар жарияланды. 31.03.2026 жылы «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау жүргізілді. Ресми әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарды 48 мақала жарияланды.