2026 жылдың ақпан айында атқарылған жұмыстар туралы

         МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ.

         2026 жылдың қаңтар айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген 64 тексеру нәтижесімен 94 бұзушылық анықталып, 55 нұсқама берілді.

        Анықтама ретінде. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде жүргізілген 49 тексеру нәтижесімен 62 бұзушылық анықталып, 43 нұсқама берілді.

        Жүргізілген тексерулер нәтижесімен еңбек заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қозғалып, жалпы сомасы 3,3 млн.теңге айыппұл салынған.

         Анықтама ретінде. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде тұлғаларға қатысты 7 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 1002,6 мың теңге айыппұл салу жазасы қолданылған.

         Жалпы, мемлекеттік еңбек инспекторларымен 67 жұмыскерлердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

         ӨТІНІШТЕРМЕН ЖҰМЫС.

         Есепті мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторларының қарауына жеке және заңды тұлғалардан 436 өтініш түсіп, заңдылықтарға сәйкес қаралды.

        Оның ішінде, 62 (14,2%) қанағаттандырылған, 123-і (28,2%) қарау реттілігімен басқа органға жолданса, 251 (57,5%) өтінішке заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілген. Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ.

         Анықтама ретінде. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде жеке және заңды тұлғалардан 305 өтініш түсіп, қаралған.

        ЖАЛАҚЫҒА ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ.

        Қазіргі таңда облыс бойынша кәсіпорындарда ағымдағы және ұзақ мерзімді жалақыға қарыз мәселесі жоқ.

        ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНДАҒЫ АХУАЛ.

        Облыс аумағында 1 кәсіпорында («Қуатамлонмұнай» БК» ЖШС) ұжымдық дау туындау қаупі болуына байланысты мониторингке алынды. Наразылықтың негізгі себебі – ұжымдық шарт талабының орындалуын қамтамасыз ету. Құзырлы органдармен бірлесіп қабылданған шұғыл әрекет ету шаралар нәтижесімен кәсіпорындағы ахуал тұрақталды. Еңбек ұжымымен кездесу өткізіліп, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірмелер берілді.

       БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА.

        Бірыңғай цифрлық платформа бойынша облыстағы 382 кәсіпорынның (білім, денсаулық сақтау ұйымдары, спорт және әлеуметтік қорғау жүйесі мекемелері) штаттық кестелері Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне толық енгізілді (100%). Штаттық кестеге сәйкес қызметкерлерді толық тағайындау бойынша    382 мекеменің бүгінгі күнге 338-і енгізіліп, 88,5%-ға орындалды.

       ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫ ЦИФРЛАНДЫРУ.

        Үстіміздегі жылдың ақпан айында 19 ұжымдық шарт енгізіліп (2026 ж. ақпан айына жоспар – 10), жоспар 190%-ға орындалды. 

        ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЖҮЙЕСІ.

        2026 жылдың 2 наурызына облыста Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне 7 088 кәсіпорындағы (87%) 134 933 жұмыскердің (93%) еңбек шарттары енгізілген.

       Оның ішінде, 313 шетел жұмыс күшін тарту бойынша рұқсат берілген (40 кәсіпорын). Шетелдік жұмыскерлердің еңбек шарттары толық 100% жүйеге енгізілген.

       Сонымен қатар ү.ж. ақпан айында 134 117 жалдамалы жұмыскерлердің еңбек шарттарын жүйеге енгізу белгіленіп, жоспар 134 799-ға  орындалды немесе көрсеткіш 100,5% құрады.

        ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУ.

         Ү.ж. қаңтар-ақпан айларында 15 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, 8 жазатайым оқиға еңбек қызметімен байланысты деп танылды, 15 адам зардап шеккен (ауыр жарақат алғандар – 8, жеңіл жарақат алғандар - 7). Еңбек қызметімен байланысты емес жазатайым оқиғалар саны – 7 (қайтыс болғандар  – 5, ауыр жарақат алғандар - 2).

        Кәсіби тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша 2026 жылдың қаңтар және ақпан айларында жоспарға сәйкес 4 кәсіпорын («ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС магистральдық желі бөлімшесі, «Арал Газ» ЖШС, «СКЗ-Ю» ЖШС, «ОрдаСтройСервис» ЖШС) бағалау жүргізді. «Нөлдік жарақаттану – Vizion Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесімен 37 кәсіпорын аталған тұжырымдамаға қосылды.

        Жыл басынан бері облыс бойынша 2467 жұмыс беруші немесе белсенді кәсіпорындардың 85,8% жұмыскерлерін жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасты.           

       ЕҢБЕК ТӘУЕКЕЛДЕРІ КАРТАСЫ.

        2026 жылдың 2 наурызына облыс бойынша 2970 кәсіпорын мониторингке алынып, оның       56-сы жоғары және 91-і орта болжамды тәуекелі бар мекеме мен ұйымдар болды. Кәсіпорындардың 95 пайызында жоғары тәуекелде болуының негізгі себептері міндетті төлемдердің мерзімінде жүргізілмеуі.

         Жыл басынан бері әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үш жақты комиссияның 9 отырысы (облыстық – 2, қалалық және аудандық деңгейде - 7) өткізілді. Комиссияда міндетті төлемдерді мерзімінде жүргізу, жұмыс орындарын қысқартпау және т.б. мәселелер бойынша қаралып, 9 кәсіпорынның еңбек ахуалы тыңдалды.

        ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ.

        Мемлекеттік еңбек инспекторларымен ү.ж. қаңтар-ақпан айларында  127 азамат қабылданып, еңбек заңнамасына қатысты кеңес алды. 27.01.2026 жылы БАҚ өкілдеріне арналған Өңірлік коммуникация орталығында брифинг, 10.02.2026 жылы «AMANAT» партиясының филиалында қоғамдық қабылдау, 20.02.2026ж. облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн» бағдарламасында сұқбат, 24.02.2026ж. «Qyzylorda» телеарнасының жаңалықтар топтамасында сұқбат, облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт апталығы», «Ақмешіт жастары»,  «Kyzylorda news» ақпарат агенттігіне мақала жарияланды. Ресми әлеуметтік желіде 27 мақала жарияланды.         

Дата публикации
03 марта 2026