МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ.
2026 жылдың қаңтар айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен жалпы жүргізілген 31 тексеру нәтижесімен 30 бұзушылық анықталып, 26 нұсқама берілді (мерзімі бар).
Анықтама ретінде. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде жүргізілген 24 тексеру нәтижесімен 28 бұзушылық анықталып, 20 нұсқама берілді.
Жүргізілген тексерулер нәтижесімен еңбек заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 7 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, жалпы сомасы 1,9 млн.теңге айыппұл салынған. Оның 865,0 мың теңгесі (43,9%) бюджетке өндірілсе, 1,1 млн.теңгесі (56,1%) мерзіміне сәйкес өндірілуде.
Анықтама ретінде. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде тұлғаларға қатысты 4 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 589,8 мың теңге айыппұл салу жазасы қолданылған.
Жалпы, мемлекеттік еңбек инспекторларымен 31 жұмыскерлердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
ӨТІНІШТЕРМЕН ЖҰМЫС.
Есепті мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторларының қарауына жеке және заңды тұлғалардан 205 өтініш түсіп, заңдылықтарға сәйкес қаралды.
Оның ішінде, 31 (15,1%) қанағаттандырылған, 73-і (35,6%) қарау реттілігімен басқа органға жолданса, 101 (49,2%) өтінішке заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілген. Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ.
Анықтама ретінде. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде жеке және заңды тұлғалардан 137 өтініш түсіп, қаралған
ЖАЛАҚЫҒА ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ.
Қазіргі таңда облыс бойынша кәсіпорындарда ағымдағы және ұзақ мерзімді жалақыға қарыз мәселесі жоқ.
ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНДАҒЫ АХУАЛ.
Облыс аумағында 1 кәсіпорында («Қуатамлонмұнай» БК» ЖШС) ұжымдық дау туындау қаупі болуына байланысты мониторингке алынды.
Наразылықтың негізгі себебі – ұжымдық шарт талабының орындалуын қамтамасыз ету.
Құзырлы органдармен бірлесіп қабылданған шұғыл әрекет ету шаралар нәтижесімен кәсіпорындағы ахуал тұрақталды. Еңбек ұжымымен кездесу өткізіліп, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірмелер берілді.
БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА.
Өткен жылы Еңбек министрлігімен негізгі басымдық цифрландыруға және барлық процестің ашықтығын арттыруға бағытталғанын атап өту керек.
Осы ретте, Бірыңғай цифрлық платформа бойынша облыстағы 382 кәсіпорынның (білім, денсаулық сақтау ұйымдары, спорт және әлеуметтік қорғау жүйесі мекемелері) штаттық кестелері Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне толық енгізілді (100%).
Штаттық кестеге сәйкес қызметкерлерді толық тағайындау бойынша 382 мекеменің бүгінгі күнге 354-і енгізіліп, 92,6%-ға орындалды.
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫ ЦИФРЛАНДЫРУ.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында 26 ұжымдық шарт енгізіліп (2026 ж. қаңтар айына жоспар – 25), жоспар 104%-ға орындалды.
ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЖҮЙЕСІ.
2026 жылдың 1 ақпанына облыста Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне 7013 кәсіпорындағы (86%) 133 255 жұмыскердің (92%) еңбек шарттары енгізілген.
Оның ішінде, 313 шетел жұмыс күшін тарту бойынша рұқсат берілген (40 кәсіпорын). Шетелдік жұмыскерлердің еңбек шарттары толық 100% жүйеге енгізілген.
Сонымен қатар ү.ж. қаңтар айында 5686 жалдамалы жұмыскерлердің еңбек шарттарын жүйеге енгізу белгіленіп, нәтижесімен жоспар 7394-ке орындалды немесе көрсеткіш 130% құрады.
ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУ.
2026 жылдың қаңтарында 7 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, 3 жазатайым оқиға еңбек қызметімен байланысты деп танылды, 3 адам зардап шеккен. Еңбек қызметімен байланысты емес жазатайым оқиғалар саны – 4 (қайтыс болғандар – 3, ауыр жарақат алғандар - 1).
Кәсіби тәуекелдерді бағалау жүйесі өндірісте жарақат алу деңгейін төмендетудің маңызды құралына айналғанын атап өтуге болады.
2026 жылдың қаңтар айында жоспарға сәйкес 1 кәсіпорын («ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС магистральдық желі бөлімшесі) бағалау жүргізді.
«Нөлдік жарақаттану – Vizion Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесімен 37 кәсіпорын аталған тұжырымдамаға қосылды.
Жыл басынан жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттары бар кәсіпорындар саны 2192 құрады. Яғни, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың (2873) үлесі – 76,2%.
ЕҢБЕК ТӘУЕКЕЛДЕРІ КАРТАСЫ.
2026 жылдың 2 ақпанына облыс бойынша 2970 кәсіпорын мониторингке алынып, оның 56-сы жоғары және 91-і орта болжамды тәуекелі бар мекеме мен ұйымдар болды.
Кәсіпорындардың 95 пайызында жоғары тәуекелде болуының негізгі себептері міндетті төлемдердің мерзімінде жүргізілмеуі.
2026 жылдың қаңтар айында әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның 2 отырысы (облыстық – 1, қалалық және аудандық деңгейде - 1) өткізілді.
Комиссияда міндетті төлемдерді мерзімінде жүргізу, жұмыс орындарын қысқартпау және т.б. мәселелер бойынша қаралып, 4 кәсіпорынның еңбек ахуалы тыңдалды.
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен ү.ж. қаңтар айында 77 азамат қабылданып, еңбек заңнамасына қатысты кеңес алды. 27.01.2026 жылы Өңірлік коммуникация орталығында Департамент басшысының 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған брифинг және 10.02.2026 жылы «AMANAT» партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдауы өтті. Ресми әлеуметтік желіде 13 мақала жарияланды.