(01.09.2026 жылғы жағдай бойынша)
2026 жылдың 8 айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен 264 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 391 еңбек заңнамасын бұзу фактісі анықталды және 210 нұсқама берілді.
Еңбек заңнамасын бұзған тұлғаларға қатысты 38 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 8,4 млн теңге айыппұл салынды.
Жүргізілген бақылау шараларының нәтижесінде 528 жұмыскердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
2026 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 9 кәсіпорында профилактикалық бақылау жүргізіліп, толық аяқталды.
Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан 1 898 өтініш келіп түсті, оның ішінде:
еңбек қатынастары бойынша – 1 567;
еңбек қауіпсіздігі бойынша – 331.
Өтініштердің 276-сы қанағаттандырылып, 651 өтініш құзыретті органдарға жолданды, 971 өтінішке қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берілді.
Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Өңір кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақы бойынша берешек жоқ.
Жыл басынан бері еңбек шиеленістерінің туындау қаупі бар 5 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді. Қабылданған шаралар мен еңбек ұжымдарымен жүргізілген кездесулер нәтижесінде жағдай тұрақтандырылды.
2026 жылдың тамыз айында 13 ұжымдық шарт цифрлық жүйеге енгізіліп, жоспар 130%-ға орындалды.
Еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде жұмыскерлердің саны жыл басындағы 207 006 адамнан 224 600 адамға дейін өсіп, 17 594 адамға артты.
Еңбек шарттары бойынша мәліметтерді түзету жоспары 241,7%-ға орындалды.
2026 жылдың 8 айында 49 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілді.
Оның ішінде 28 оқиға еңбек қызметімен байланысты деп танылып, 41 адам зардап шекті, оның ішінде 3 адам қаза болды.
Еңбек қауіпсіздігі бағытында:
22 кәсіпорында кәсіби тәуекелдерді бағалау жүргізілді;
51 кәсіпорын «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасына қосылды;
өңірдегі 2 720 кәсіпорынның 2 518-і (92,5%) міндетті сақтандыру жүйесімен қамтылды.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2 995 кәсіпорын мониторингке алынды. Оның ішінде 74 кәсіпорын жоғары, 88 кәсіпорын орта болжамды тәуекел тобына жатқызылды.
Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның 48 отырысы өткізіліп, 161 кәсіпорынның еңбек ахуалы қаралды.
Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 796 азаматты қабылдап, еңбек заңнамасы бойынша консультациялық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарында брифингтер, сұхбаттар және мақалалар ұйымдастырылып, Департаменттің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде 198 ақпараттық материал орналастырылды.
2026 жылдың 8 айында Департаменттің негізгі жұмысы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауға, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, әлеуметтік-еңбек ахуалын тұрақтандыруға және еңбек саласын цифрландыруға бағытталды.
Жүргізілген бақылау және профилактикалық шаралар нәтижесінде еңбек заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қалпына келтіру және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.