2026 жылдың сәуір айында атқарылған жұмыстар туралы

Мемлекеттік еңбек инспекциясы

комитетінің Қызылорда облысы бойынша

департаментімен 2026 жылдың 4 айында

атқарылған жұмыстар туралы

(01.05.2026ж жағдай бойынша)

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ.

2026 жылдың наурыз айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген 131 тексеру нәтижесімен 230 бұзушылық анықталып, 111 нұсқама берілді.

Анықтама үшін. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде жүргізілген 87 тексеру нәтижесімен 102  бұзушылық анықталып, 71 нұсқама берілді.

        Жүргізілген тексерулер нәтижесімен еңбек заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 21 әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қозғалып, жалпы сомасы 4,9 млн.теңге айыппұл салынған.

Анықтама үшін. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 16 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 3,5 млн.теңге айыппұл салу жазасы қолданылған.

Жалпы, мемлекеттік еңбек инспекторларымен 323 жұмыскерлердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

 

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ.

Бақылау субъектілері мен объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарға сәйкес субъектілерге бару арқылы 17 кәсіпорын профилактикалық бақылаумен толық қамтылды.

 

ӨТІНІШТЕРМЕН ЖҰМЫС.

Есепті мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторларының қарауына жеке және заңды тұлғалардан 937 өтініш түсіп, заңдылықтарға сәйкес қаралды.

Оның ішінде, 126 (13,4%) қанағаттандырылған, 238-і (25,4%) қарау реттілігімен басқа органға жолданса, 573 (61,1%) өтінішке заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілген. Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ.

Анықтама үшін. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде жеке және заңды тұлғалардан 660 өтініш түсіп, қаралған.

 

        ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНДАҒЫ АХУАЛ.

        Қазіргі таңда облыс бойынша кәсіпорындарда ағымдағы және ұзақ мерзімді жалақыға қарыз мәселесі жоқ.

        Облыс аумағында 3 кәсіпорында («ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ, «Саутс-Ойл» ЖШС, «Қазгермұнай» БК» ЖШС) еңбек шиеленістерінің туындау қаупі болуына байланысты мониторингке алынды.

        Наразылықтың негізгі себебі – жалақыны көбейту. Қазіргі таңда компания басшылығы тарапынан жұмыскерлер талаптары орындалды. Ахуал тұрақты бақылауда.

 

        ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫ ЦИФРЛАНДЫРУ.

        Үстіміздегі жылдың наурыз айында 14 ұжымдық шарт енгізіліп (2026 ж. cәуір айына жоспар – 10), жоспар 140%-ға орындалды. 

 

        ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЖҮЙЕСІ.

        Бірыңғай цифрлық платформаға сәйкес облыстағы 382 кәсіпорынның (білім, денсаулық сақтау ұйымдары, спорт және әлеуметтік қорғау жүйесі мекемелері) штаттық кестелері Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне толық енгізілді (100%).

        Штаттық кестеге сәйкес қызметкерлерді толық тағайындау бойынша    382 мекеменің бүгінгі күнге 236 кәсіпорынның штаттық кестеге тағайындау жүргізіліп, 61,7%-ға орындалған.

      2026 жылғы сәуір айындағы деректер бойынша 1 890 кәсіпорындағы           7 678 жұмыскерлердің мәліметтері және 8 430 мекемеде 38 296 жұмыскерлердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша деректер арасында сәйкессіздіктер анықталды.

        Осыған орай, Еңбек министрлігімен бекітілген айлық жоспарға сәйкес, сәуір айында 189 кәсіпорын бойынша еңбек шарттары мәліметтерін түзету белгіленіп, жоспар 123,2%-ға орындалды (233 кәсіпорын, 1834 жұмыскер).  

        Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары бойынша осы айға жоспар 1602 мекеме болса, бүгінгі күнге 1379 кәсіпорын немесе 86% тиісті жарналарды төлеген (11 190 жұмыскер). 

 

        ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУ.

         Ү.ж 4 айында 26 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, 15 жазатайым оқиға еңбек қызметімен байланысты деп танылды (о.і 1 топтық жазатайым оқиға), 23 адам зардап шеккен (ауыр жарақат алғандар – 14, жеңіл жарақат алғандар – 7, қайтыс болғаны - 2). Еңбек қызметімен байланысты емес жазатайым оқиғалар саны – 11 (қайтыс болғандар  – 7, ауыр жарақат  алғандар - 4).

        Кәсіби тәуекелдерді бағалау жүйесі       бойынша есепті кезеңде облыс бойынша 10 кәсіпорында бағалау жүргізілді.

      Ақпарат үшін:

      «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС магистральдық желі бөлімшесі, «Арал Газ» ЖШС, «СКЗ-Ю» ЖШС, «ОрдаСтройСервис» ЖШС, «Каспий Петролеум» ЖШС, «КАР Logistics»  ЖШС-нің «Шиелі-Сұңқар» ЖШС филиалы, «СНПС Ай-Дан Мұнай» АҚ, «CNLC International Kazakhstan Ink» ЖШС-нің Қызылорда филиалы, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Гежуба Шиелі цемент компаниясы» ЖШС.   

        «Нөлдік жарақаттану – Vizion Zero» тұжырымдамасына 42 кәсіпорын қосылды.

        Жыл басынан бері облыста мемлекеттік мекемелерді қоспағанда (2889) жұмыс беруші немесе белсенді кәсіпорындардың 70,6% жұмыскерлерін жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасты.           

 

        ЕҢБЕК ТӘУЕКЕЛДЕРІ КАРТАСЫ.

             2026 жылдың 1 мамырына облыс бойынша 2978 кәсіпорын мониторингке алынып, оның 81-і жоғары және 110-ы орта болжамды тәуекелі бар мекеме мен ұйымдар болды.

             Кәсіпорындардың жоғары тәуекел тобында болуының негізгі себептері міндетті төлемдердің мерзімінде жүргізілмеуі.

        Жыл басынан бері әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үш жақты комиссияның 23 отырысы (облыстық – 8, қалалық және аудандық деңгейде - 15) өткізілді.

        Комиссияда міндетті төлемдерді мерзімінде жүргізу, жұмыс орындарын қысқартпау және т.б. мәселелер бойынша қаралып, 92 кәсіпорынның еңбек ахуалы тыңдалды.

 

        ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ.

        Мемлекеттік еңбек инспекторларымен ү.ж. 4 айында 243 азамат қабылданып, еңбек заңнамасына қатысты кеңес алды.

        27.01.2026ж. және 20.04.2026ж. Өңірлік коммуникация орталығында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг, 10.02.2026 жылы «AMANAT» партиясының филиалында қоғамдық қабылдау, 20.02.2026ж. және 24.04.2026ж. облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн, Қызылорда» бағдарламасында сұхбат, 24.02.2026ж. «Qyzylorda» телеарнасының жаңалықтар топтамасында сұхбат, облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт апталығы», «Ақмешіт жастары», «Kyzylorda News.kz» ақпарат агенттігіне мақалалар жарияланды.

         31.03.2026 жылы  «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау жүргізілді. Ресми әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарды 83 мақала жарияланды.

Дата публикации
05 мая 2026